
Фото: baq.kz
Мемлекет басшысы Қостанай облысына жұмыс сапары аясында Рудный қаласындағы «Жас-Қанат 2006» ЖШС-не қарасты құс фабрикасына барып, құс шаруашылығына заманауи технологияларды енгізу жөніндегі пилоттық жобаның жүзеге асырылу барысымен танысты, деп хабарлады BAQ.KZ.
Алматы, NEGE.»Кәсіпорын басшылығының айтуынша, цехтың қуаты жылына 260 миллион дана жұмыртқа және 500 тоннадан астам ет өнімдерін өндіруге жетеді. Былтыр 517 тонна ет және 199,1 миллион дана жұмыртқа өндірілді.
Президентке облыс әкімі Құмар Ақсақалов өңірдің өнеркәсіптік және аграрлық әлеуеті жөнінде мәлімет берді. Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев ақ ауыл шаруашылығы саласындағы перспективті жобалармен танысты.
Источник: nege.kz

