үй Қазақстан жаңалықтары Tуристік навигацияның бірыңғай жүйесін құру және «Tau Go» смарт-навигаторы мобильді қосымшасын іске...

Tуристік навигацияның бірыңғай жүйесін құру және «Tau Go» смарт-навигаторы мобильді қосымшасын іске қосу бойынша жұмыс жүргізілуде

19
0

337 rob

Tуристік навигацияның бірыңғай жүйесін құру және «Tau Go» смарт-навигаторы мобильді қосымшасын іске қосу бойынша жұмыс жүргізілуде

Фотосурет: 24.kz

Халықпен профилактикалық жұмыс және таулы жерлерде, сел, көшкін қаупі бар аймақтарда және қар көшкін қаупі бар учаскелерде қауіпсіздік шаралары туралы ақпаратты жеткізу, таулы жерлерде арнайы бақылау-құтқару пункттерін құру, құтқарушылардың тәулік бойы кезекшілігі – туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар. ТЖМ күштері тағы не істеп жатыр? Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында ТЖ жөніндегі бірінші вице-министр Ибрагим Күлшімбаев айтып берді, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Туристік навигацияның бірыңғай жүйесін құру және Төтенше жағдайлар департаменттерінің базасымен интеграцияланатын тауға жорық әуесқойлары үшін «Tau Go» смарт-навигаторы мобильді қосымшасын іске қосу бойынша жұмыс жүргізілуде. Офлайн режимде жұмыс істейтін 2 ГИС жүйесін байланыстыра отырып, таулы жерлерде туристік маршруттарды цифрландыру бойынша жұмыс қолға алынды. Туристердің жүру маршруттарында қауіпсіздік шараларын сақтау және шұғыл қызметтердің телефондары  көрсетілген ақпараттық қалқандар орнатылады. Тауларда туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Алматы қаласының таулы жерлерінің жекелеген учаскелерінде 15 тау саятшылық салынды, онда туристерге күту және алғашқы көмек апаттық жинағын алуға жағдай жасалынған. Саятшылықтардың жанында «SOS» спутниктік сигналды Құтқару қызметінің «112» және «109» пультеріне беру үшін дабыл түймелері орнатылған» Ибрагим Күлшімбаев

Сонымен қатар И. Күлшімбаевтың айтуынша, барлық ескерту шараларына қарамастан, азаматтар ауа райы жағдайларына және маршруттың қиындығына немқұрайлы қарайды, осылайша өз өмірлері мен жақындарына қауіп төндіреді.  

Ағымдағы қысқы кезеңде құтқару бөлімшелерімен таулы жерлерге саяхатқа шыққан, үйге қайту үшін қозғалыс бағытын өз бетінше анықтай алмаған 147 туристті іздеу бойынша 14 іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді.

Источник: dknews.kz