үй Қазақстан жаңалықтары Юрий Ильин: Қыс мезгілі басталғалы бері 900 адам құтқарылды, 90 бірлік техника...

Юрий Ильин: Қыс мезгілі басталғалы бері 900 адам құтқарылды, 90 бірлік техника қар құрсауынан шығарылды және сүйрелді

13
0

291 Арман

Юрий Ильин: Қыс мезгілі басталғалы бері 900 адам құтқарылды, 90 бірлік техника қар құрсауынан шығарылды және сүйрелді

Юрий Ильиннің төрағалығымен өткізілген ТЖ алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия шеңберінде республиканың автожолдарында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу мәселесі қаралды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

«Азаматтардың қауіпсіздігін және төтенше жағдайларға жедел ден қоюға дайындығын қамтамасыз ету үшін ТЖМ барлық төтенше ден қою жүйесін қысқы кезеңге дайындау бойынша кешенді жоспарлы жұмыс жүргізуде. Қарашаның үшінші онкүндігінде «Қыс-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді. Жаттығу қорытындысы ұйымдастырушылық шешімдер қабылдауды талап ететін бірқатар мәселелердің бар екендігін көрсетті» Юрий Ильин

Юрий Ильин сондай-ақ ИИДМ өкіліне қар ұстайтын қалқандардың жеткіліксіз саны бойынша проблеманың бар екендігін және қыс мезгілінде автожолдарды уақтылы тазаламауды атап өтті. Аталған мәселелерді шешу үшін жүйелі сипаттағы тиісті шараларды қабылдау қажеттігін айтты.

Юрий Ильин: Қыс мезгілі басталғалы бері 900 адам құтқарылды, 90 бірлік техника қар құрсауынан шығарылды және сүйрелді

Юрий Ильин сондай-ақ уәкілетті органның алдында орталық тосқауыл қоршауында технологиялық жолдың болмауы себебінен автожолдың қарама-қарсы жағына өту мүмкін еместігіне байланысты кептелістердің қалыптасуы мәселесін көтерді. Мысалы: Қарағанды облысында Алматы-Екатеринбург автожолында кемпингтің жанындағы 1070 км жерде (ресми жылыту пункті болып табылатын) тосқауыл қоршауында жол жоқ. Бұл Қарағанды-Астана бағытында келе жатқан автотехниканың жол жүруіне мүмкіндік бермейді.

Жалпы, бүгінгі күні автокөлік кептелісі қалыптасатын жолдардың үш мыңнан астам күрделі учаскелері анықталды.

Юрий Ильин: Қыс мезгілі басталғалы бері 900 адам құтқарылды, 90 бірлік техника қар құрсауынан шығарылды және сүйрелді

Қараша-желтоқсан айларында еліміздің автожолдарынан құтқару бөлімшелері 900-ге жуық адамды құтқарды және эвакуациялады, оның ішінде 128 бала, 90 бірлік техника қар құсауынан шығарылды және сүйрелді, 32 жылыту пункті іске қосылды.

Өткен қысқы кезеңде құтқарушылар қар құрсауынан 2,6 мыңнан астам адамды және 600-ге жуық техниканы құтқарып, эвакуациялады. Ел өңірлерінде дауылды ескертулер 1146 рет жарияланды, республикалық маңызы бар автожолдар 684 рет және облыстық маңызы бар автожолдар 427 рет жабылды.

Источник: dknews.kz