247 rob
Фотосурет: Астана қаласының әкімдігі
Астанада Райымбек батыр атындағы №50 мектеп-лицей оқушыларымен вандализммен күрес тақырыбы бойынша кездесу өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Кездесуге Алматы ауданы әкімінің оранбасары Нұрмат Әбдрайымов, аудандық Полиция басқармасының өкілі Нұрлан Байтасов және қалалық мәслихат депутаты Арсланбек Мағзұм қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.
Іс-шара барысында вандализммен күрес, оның алдын алу бойынша түсіндірме жұмысы жүргізілді, оқушылармен сұрақ-жауап алмасты.
Вандализм – мәдениетке деген ең ауыр қастандық. Сондықтан оған қарсы күресті қатаңдату – ең өзекті мәселелердің бірі.
Аудан әкімдігі Полиция басқармасымен бірге қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.
Источник: dknews.kz