Энергетика министрлігі өкілдері вице-министр Жандос Нұрмағанбетов "ведомство басшылығымен арадағы жанжалға байланысты жұмыстан шығып жатыр"
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Фото: primeminister.kz Энергетика министрлігі өкілдері вице-министр Жандос Нұрмағанбетов «ведомство басшылығымен арадағы жанжалға байланысты жұмыстан шығып жатыр» деген қауесетке пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Нұрмағамбетов электр энергетикасы, ЖЭО, ЖЭК салаларына жетекшілік еткені белгілі. «Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов 16 қарашадан 15 желтоқсанға дейін еңбек демалысында, кейін басқа жұмысқа ауысуына байланысты жұмыстан босатылады. Желіде таралған вице-министр мен ведомство басшылығы арасындағы жанжал туралы ақпарат шындыққа жанаспайды», — делінген ведомство хабарламасында. Айта кетейік, Жандос Нұрмағанбетов 2003-2005 жылы «Каруглесбыт» ЖШС директорының орынбасары, директоры; 2005-2006 жылы «Карагандинская региональная энергетическая компания» ЖШС директоры; 2008-2010 жылы «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ бас директоры; 2011-2013 жылы «Қызылорда» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы; 2013-2020 жылы «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы есеп айырысу орталығы» ЖШС бас директоры; 2020-2021 жылы «KEGOC» АҚ Стратегия және даму жөніндегі басқарушы директоры қызметтерін атқарған. 2021 жылғы 13 желтоқсаннан бастап энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалған болатын. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz






