үй Қазақстан жаңалықтары Ынтымақтастық перспективалары: Астанада АӨСШК жобаларын талқылау

Ынтымақтастық перспективалары: Астанада АӨСШК жобаларын талқылау

27
0

181 rob

Ынтымақтастық перспективалары: Астанада АӨСШК жобаларын талқылау

Фотосурет: ҚР СІМ

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Талғат Қалиевтің төрағалығымен онлайн форматта Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) Арнайы жұмыс тобының (АЖТ) отырысы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Отырыс барысында қатысушылар АӨСШК-ға мүше мемлекеттердің жетекші университеттерінің серіктестік желісін құру жөніндегі меморандум мен Экология мәселелері жөніндегі конференциясының қорытынды құжат жобаларын, сондай-ақ Талдау орталықтары форумының 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспарын қарастырды.

Ынтымақтастық перспективалары: Астанада АӨСШК жобаларын талқылау

Сонымен қатар іс-шара барысында қатысушылар Біріккен Ұлттар Ұйымының Терроризмге қарсы басқармасы және Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссия (АТМЭӘК) сияқты құрылымдарымен ынтымақтастық орнату перспективаларын талқылап, басым салалар мен өлшемдерде тұжырымдамалар мен үйлестіру бойынша қол жеткізілген жетістіктер туралы ақпаратты тыңдады.

Ынтымақтастық перспективалары: Астанада АӨСШК жобаларын талқылау

Кездесудің қорытындысы бойынша АӨСШК Аға лауазымды тұлғалар комитетіне (АЛТК) ү.ж. 14 наурызда Астанада өтетін кезекті АЛТК отырысында аталған мәселелер бойынша шешім қабылдауға ұсыныс жасалды.

Источник: dknews.kz