үй Қазақстан жаңалықтары Қызылорда қаласының әкімі бүлдіршіндерді Жаңа жылмен құттықтады ...

Қызылорда қаласының әкімі бүлдіршіндерді Жаңа жылмен құттықтады Кеше, 19:15

24
0

Бүгін оқушылар сарайында шаһар басшысының балғын бүлдіршіндерге арналған Жаңа жылдық шыршасы өтті.

  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Қызылорда қаласының әкімі бүлдіршіндерді Жаңа жылмен құттықтады
                Кеше, 19:15

Қызылорда қаласының әкімі бүлдіршіндерді Жаңа жылмен құттықтады

Бүгін оқушылар сарайында шаһар басшысының балғын бүлдіршіндерге арналған Жаңа жылдық шыршасы өтті.

Ғажайып мереке биылғы жылы «Жаңа жыл — жаңа бақыт, жаңа үміт» тақырыбында ұйымдастырылып, оқушылар сарайы бүлдіршіндер үшін жаңалық пен жұмбаққа толы таңғажайып ертегілер мекеніне айналды.

Жаңа жылдық мерекелік іс-шараға ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, әлеуметтік аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасының балалары, мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндер және білім, өнер, спортта жетістіктерге қол жеткізген талантты да дарынды оқушылардан барлығы 100 бала қатысты.

Жаңа жылдық шырша салтанаты оқушылар сарайының өнерпаздары әзірлеген қойылымымен басталды. Ақшақарлар мен роботтар биі, алып кемемен жұмбақ әлемге жол тартқан саяхатшы балалар көрінісі мерекенің көрігін қыздырып, қатысушыларды ерекше әсерге бөледі.

Қызықты кешке жиналған балалар Жаңа жылдық шыршаның басты қонақтары Аяз ата мен Ақшақарға өз өнерлерін көрсетіп, керемет сыйлықтарға ие болды. Сондай-ақ, Аяз ата әлеуметтік желіден тікелей эфирге шығып, балалармен бірге аймақ тұрғындарын жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Мерекелік іс-шарада қала әкімі Асылбек Шаменов: «Айналайын бүлдіршіндер! Шаһарымыздың өздеріңдей білімді де талапты жастары әлемнің ең озық оқу орындарында білім алуда, спорт саласында биік белестерді бағындырып чемпион атануда, басқа да үлкен жетістіктерге қол жеткізіп Сыр елінің абыройын көтеруде. Сол аға-әпкелеріңнен үлгі алып, зерделі де зерек, білімді де білікті болыңдар. Жаңа жыл өздеріңе де, сендерді мәпелеп өсіріп отырған ата-аналарыңа да тек жақсылық әкелсін», – деген жүрек жарды лебізін жеткізді.

Сонымен қатар, шаһар басшысы балаларға сыйлықтар табыстап, арнайы әзірленген жаңа жылдық тортты үлестірді. Бүлдіршіндер мерекелік дастарқаннан дәм татып, жаңа 2023 жылға ерекше көңіл күймен қадам басты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Материал Қызылорда қаласының әкімдігімен ұсынылған

Источник: kaz.tengrinews.kz