үй Қазақстан жаңалықтары Қызылорда облысындағы экологиялық жағдай: фактілер мен сандар

Қызылорда облысындағы экологиялық жағдай: фактілер мен сандар

15
0

318 rob

Қызылорда облысындағы экологиялық жағдай: фактілер мен сандар

Фотосурет: ҚР ЭТРМ

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Мемлекет басшысының «Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесуін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу барысында министр Қызылорда облысындағы экологиялық жағдай тұрақты екенін атап өтті. Облыстағы зиянды заттар шығарындыларының көлемі осы жылдың 9 айын бойынша 30,5 мың тоннаны құрайды.

Қызылорда облысындағы экологиялық жағдай: фактілер мен сандар

Қызылорда облысының 2020-2024 жылдарға арналған экологиялық мәселелерді шешу бойынша Жол картасында 52 іс-шара көзделген. Оның ішінде 20 іс-шара орындалған, 23 іс-шара орындалуда және 9 іс-шараның орындалуы кешіктірілген.

Қызылорда облысындағы экологиялық жағдай: фактілер мен сандар

Қызылорда облысы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтар көлемі 2023 жылдың 3 тоқсанында 126,5 мың тоннаны құрады, оның ішінде 34,2 мың тоннасы (27%) қайта өңделді, қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастырудың 145 объектісінің тек 7-еуі ғана экологиялық және санитарлық талаптар мен нормаларға сәйкес келеді, бұл 4,8% — құрайды.

Қызылорда облысындағы экологиялық жағдай: фактілер мен сандар

Мемлекет басшысының Арал теңізінің құрғаған аумағындағы сексеуіл егістігін 5 жылда 1,1 млн. гектарға ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында 2023 жылы 250 мың гектар алқапта орман мелиорациялық жұмыстар жүргізілуде. Соның ішінде көшеттерді көктемгі отырғызу — 57 081 га, ормандардың табиғи жаңаруына жәрдемдесу жөніндегі іс-шаралар — 10 000 га, галофитті өсімдіктердің тұқымын себу — 7777 га.

Қызылорда облысындағы экологиялық жағдай: фактілер мен сандар

Сонымен қатар, облыста балық шаруашылығын дамыту мүмкіндігі бар. Қызылорда облысының аумағында халықаралық маңызы бар 2 су айдыны орналасқан (Кіші Арал теңізінің 18 учаскесі 11 балық шаруашылығы субъектісіне бекітіліп берілген, Сырдария өзенінің 8 учаскесі резервтік қорда).

Жергілікті маңызы бар 201 балық шаруашылығы су айдынының 184-і 147 пайдаланушыға бекітіліп берілген және 17 су қойма резервтік қорда.

2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2024 жылғы 1 шілдеге дейін облыста 7092,7 тонна көлемінде балық аулау лимиті бекітілді, осы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 512,3 тоннаны (7%) құрайды.

Қызылорда облысы бойынша балықты қайта өңдеуді балық шаруашылығының 10 субъектісі жүзеге асырады. Бүгінгі таңда 4 балық өңдеу кәсіпорны Еуропалық Одақтың жоғары талаптарына сәйкес келеді және балық өнімдерін Еуропалық Одақ елдеріне экспорттау құқығын алды. Статистика деректері бойынша 2023 жылдың 9 айында 2284,7 мың тонна балық өнімдері (мұздатылған, балық филесі, кептірілген және ысталған балық) экспортталды.

Кездесу барысында «Байқоңыр» кешенінің рұқсат етілмеген орындарында орналасқан қалдықтарды кәдеге жарату, Қызылорда қаласындағы бұрынғы ЖЭО-6 (ТЭЦ) күл үйінділерімен ластанған жерді қалпына келтіру және Қызылорда қаласының жанында орналасқан кірпіш және асфальт зауыттарының қызметі Қызылорда облысы тұрғындарының алаңдаушылығын тудыратын экологиялық проблемалардың ішіндегі ең маңызды сұрақтар болды.

Ведомство басшысы барлық сұрақтарға жауап беріп, Министрлік пен  Облыстық экология департаментінің осы проблемаларды жою бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары туралы айтып өтті.

Сондай-ақ, Министр азаматтарды жеке қабылдап, облыстың өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарына брифинг өткізді.

Источник: dknews.kz