үй Қазақстан жаңалықтары Қызылордада жастарды жан-жақты дамытуды көздейтін «Qosyl» орталығы нәтижелі жұмыс істеуде ...

Қызылордада жастарды жан-жақты дамытуды көздейтін «Qosyl» орталығы нәтижелі жұмыс істеуде Кеше, 21:19

16
0

Жастардың қоғамдық ой-санасын жетілдіру жолында "Qosyl" Қызылорда қалалық жастар ресурстық орталығының алар орны ерекше. Мекеме өңір ғана емес,

  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Қызылордада жастарды жан-жақты дамытуды көздейтін "Qosyl" орталығы нәтижелі жұмыс істеуде
                Кеше, 21:19

Қызылордада жастарды жан-жақты дамытуды көздейтін "Qosyl" орталығы нәтижелі жұмыс істеуде

Жастардың қоғамдық ой-санасын жетілдіру жолында «Qosyl» Қызылорда қалалық жастар ресурстық орталығының алар орны ерекше. Мекеме өңір ғана емес, ауыл жастарының дамуына септесіп, қоғамдық-саяси жобаларды сәтті үйлестіріп келеді.

Бүгінде жаңа кадрмен толыққан орталықтың басты міндеті – ауылдық жастармен және техникалық бағытта қызмет көрсететін жас мамандармен тікелей жұмыс істеу.

«Jastar belgisi» атауымен сапа белгісі өз жұмысын жүйелендіріп, жастарға сапалы қызмет көрсететін және одан әрі дамуға ынтасы бар жастар орталықтарының үздіктерін анықтады. Қызылордалық «Qosyl-ға» күміс бұйырды. Бұл қала жастарының елімізде белсенді әрі динамикасының жоғары екенін байқатады.

Биыл қала әкімінің «Самғау» жастар сыйлығын кәсіптік техникалық бағыттарда қызмет ететін мамандарға беруді ұсынып, жаңа саланың көшбасшыларын анықтауға бет бұрды. Соның бірі – аспазшылар байқауы. Орталықтың орамды ісі байқау арқылы жастарды жұмыспен қамту көзделген. Сайысқа тіркелген 42 қатысушы үш кезең бойынша бақ сынады. Финалға үздік деген 14 қатысушы өтіп, аспаздық және кондитерлік бағыттар бойынша жарысқа түсті. Нәтижесінде үздіктер топ жарып жүлделі орындарға ие болды. Сайысқа қатысқан 5 жас тұрақты жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар «Самғау» сыйлығының аясында «Жас тас қалаушылар» мен «Жас дәнекерлеушілер», «Жас тігіншілер де» байқауға атсалысуда. Жоба аясында алдағы уақытта жас электриктер және жас автомеханиктер байқауларын өткізу жоспарлануда. Трендте тұрған мобилография мамандығының қоғамда маңыздылығы жоғары. Биыл «Qosyl-дың» бастамасымен смартфон арқылы бейнеге жан бітіретін жастардың фестивалі өтіп, жеткіншек саланың дамуына серпін сыйлады. Фестивальға Қыран Талапбек қатысып, 300-ге жуық жасқа тегін дәріс берді.

Қыранның «Qosyl» ерекше форматта жұмыс істейді деп бағалауы бекер емес. Өйткені «Qosyl» жастар орталығының тұрақты жобаларына айналған «Qosyl acoustic» шығармашыл жастардың ән кеші, «Qoldau» волонтерлер тобының жұмыстары күміс сапаны алуға септігін тигізіп тұр. Енді сапа белгісін иемденген «Qosyl» жастар орталығы «Ұлттық жастар орталықтарының лигасы» құрамына кіріп, басқаларға үлгі болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Материал Қызылорда қаласының әкімдігімен ұсынылған

Источник: kaz.tengrinews.kz