үй Қоғам «Апа деуге ауыз бармайды…»: Тойда жерге аунап билеген әжені жұрт сынға алды...

«Апа деуге ауыз бармайды…»: Тойда жерге аунап билеген әжені жұрт сынға алды (ВИДЕО)

29
0

Ал жұрт қарт кісінің бұл биін қатты сынға алған. Бәрі дерлік әженің әрекетіне күйініп отыр.

«Апа деуге ауыз бармайды...»: Тойда жерге аунап билеген әжені жұрт сынға алды (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот Бөлісу Бөлісу Бөлісу

Тойда үнді биіне жерге жатып алып билеген әже жұрт назарына түсті. Тіпті оның әрекетін сынап жатыр, деп хабарлайды Экспресс К сайты.

Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеода үнді биіне билеген қарт кісілерді байқайсыз. Бірақ көп ұзамай жасыл көйлек киген әженің жерге жата қалып, арлы-берлі аунай бастағанын көруге болады.

"Тойда көңіл көтерген соң осылай билеу керек пе?"— деп жазылған бейнежазбаға.

Ал жұрт қарт кісінің бұл биін қатты сынға алған. Бәрі дерлік әженің әрекетіне күйініп отыр.

"Қуады екен мына кісі. Тіпті апа деуге ауыз бармайды". "Ащы судың буы бар-ау", "Осы жасқа келгенде не өнеге?", "Ұят, алжыған-ау шамасы", "Жастарға күлкі болды, ерсі екен", "Киімі әдемі екен деп қарап отырсам, бәрін тас-талқан етті", — деген ашулы жазбаларын қалдырған желідегі жұрт.


Источник: sn.kz