үй Қоғам «Аузы буылған өгіз…»: Айгүл Елшібаева өнер адамының депутат болуына қарсы шықты

«Аузы буылған өгіз…»: Айгүл Елшібаева өнер адамының депутат болуына қарсы шықты

85
0

Сайқал саясатпен халық алдында сиың кетпесін!

«Аузы буылған өгіз...»: Айгүл Елшібаева өнер адамының депутат болуына қарсы шықты

Фото: caravan.kz Бөлісу Бөлісу Бөлісу

Белгілі дәстүрлі әнші өнер адамдарының көбі депутаттыққа мардымсыз жалақысына бола ұмтылады деп топшылады. 

Бұл туралы Айгүл Елшібаева әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.  

"Өнер адамының депутат болуына қарсымын. Өнер адамы мәдениет саласын басқарсын. Көбісі депутат болуға, мәдениеттің мардымсыз айлығынан қажығасын, жалақыға бола барады ма?-деп ойлаймын.

Халыққа танымал өнер иесі, ұлттық мәселелерді көтергенмен, ұлттық иделогия мемлекеттік деңгейде болмаған елде, саясатың ешқашан қолдамайды.

Нұр Отанның Мирас қоғамдық кеңесінде мүше болғанмын. Қожа Ахмет Яссауидің кесенесіне жапқан 15-ғасырдан Ақсақ Темірдің нұсқауымымен жасалған, кілемге реставрация жасап, қалпына келтіру, тарихи жәдігерлерді халық игілігіне пайдалану туралы ұсыныстарым жоғары жаққа жолданады деп, жиналыста қолданғанмен, жабулы қазан күйінде қалды.

Қазақтың Ұлттық идеология туралы мәселесін көтергенімде, басқа ұлт өкілдері, қазақша сәлемдескеннен соң, өз тіліне көшіп, біздің құқығымыз қорғалмайды, өзге ұлт деп атағаны ұнамайды-,деді. Қазақтың суын ішіп, ауасын жұтып отырып, мәдени орталығың бар, өз дініңде,өз ұлттық киіміңді киіп отырып, құқығымыз қорғалмайды -,дегенге таң қалдым. Қазақтың жерінде отырып, өз ұлтыңның мәдениетін насихаттап жүрсең, саған өзге ұлт демей не деу керек?

Сен қазақтай киініп, қазақтың салт-дәстүрін ұстасаң сенің қазақтан айырмаң болмаса, сені кім өзге ұлт деп айтады?- дегенді жиналыстың уақыт регламенті жетпей, келесі жиналыста айтам деп жүргенде, кеңестің құрамы таратылып кетті. Екінші күмәнді мәселе, өткір сөйлейтін адамның ондай кеңеске қажеті жоқ екенін білдім. Жиналыста көтерген мәселелер нәтижесі болмаса, құр жиналыстың нәтижесі жоқ.Осы мәселені Аманат партиясының төрағасы Қошанов мырзаның жаңа жасағы ескерсе екен деймін.

Өнер адамы не үшін билікке ұмтылады? Саны бар сапасы жоқ, аузы булы өгіз күйінде отырған, айналасына жақсы атты депутатты көргенде, ақының да жыршың да , мынаның қасында тіл білем, халықтың жанайқайын жеткіземін деп барады, емес пе?

Жазушы Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев, Фариза Оңғарсынова, Мұхтар Шахановтар депутат болғанда, біздер айтуын айтқанмен, ол жер мен айтты екен деп, қолдай салатын жер емес екен-, дегенін, сұқпаттардан оқыдық. Алла аса талантты қып жаратып, милионның ішінде өнер бергесін, халыққа бергенін қайтару сауапты іс. Сайқал саясатпен халық алдында сиың кетпесін",- деп жазды әнші.

Источник: sn.kz