298 Арман
Сауда-саттық қорытындысы бойынша, 15 желтоқсанда теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,8%-ға (472,14-тен) нығайып, бір АҚШ доллары үшін 468,56 теңге деңгейінде қалыптасты, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.
Сыртқы валюта нарығында 2022 жылғы 9 – 16 желтоқсанда бірқатар маңызды оқиға болды. АҚШ ФРЖ мөлшерлемені 4,25-4,5%-ға дейін 50 базистік тармаққа ұлғайтып, оның өсу қарқынын бәсеңдету туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, Джером Пауэлл реттеушінің мөлшерлемелерді өсіруді жалғастыратынын мәлімдеп, қатаң риториканы сақтап қалды. АҚШ-тағы инфляцияның өсуі қарашаның қорытындысы бойынша 7,1%-ды ж/ж (өткен айда 7,7% ж/ж) құрады. Англия Банкі негізгі мөлшерлемені 3,5%-ға дейін 50 базистік тармаққа көтеріп, елдегі инфляцияның ең жоғары деңгейге жетуі мүмкін екенін білдірді (қарашада 10,7% ж/ж). ЕОБ мөлшерлемені 2,5%-ға дейін жарты пайыздық тармаққа көтеру туралы шешім қабылдады.
Бұл факторлар негізінен дамушы нарықтар валюталарының теріс динамикасына әкелді.
Дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының динамикасы төмендегідей қалыптасты:
- Индонезия рупиясы сауда балансы профицитінің 5,2 млрд АҚШ долларына дейін (өткен айда 5,7 млрд АҚШ доллары) төмендеуі аясында 0,1%-ға (15 583-тен 15 598-ге дейін) әлсіреді;
- Мексика песосы АҚШ ФРЖ қатаң риторикасы мен АҚШ доллары бағамының нығаюы аясында 0,1%-ға (19,77-ден 19,78-ге дейін) әлсіреді. ОБ мөлшерлемелерді одан әрі көтеру қажеттілігін білдіре отырып, мөлшерлемені 10,5%-ға дейін 50 базистік тармаққа көтерді;
- түрік лирасы жаһандық тәуекел сентиментінің нашарлауы аясында 0,2%-ға (18,65-тен 18,69-ға дейін) әлсіреді. Реттеуші таза валюталық позицияны меншікті капиталдың 5%-на дейін төмендетіп, ол бойынша талапты қатаңдатты (бұрын лимит 20% болған);
- үнді рупиясы теріс тәуекел сентименті және мұнай бағасының өсуі аясында 0,7%-ға (82,28-ден 82,87-ге дейін) әлсіреді;
- Бразилия реалы Президенттің елді дамыту банкінің басшысы етіп шағын бизнесті және өнеркәсіп салаларын субсидияланған мөлшерлемелер бойынша қаржыландыруды кеңейтуді жақтайтын Алоизио Меркадантені тағайындау туралы шешімі аясында 1,1%-ға (5,25-тен 5,31-ге дейін) әлсіреді, бұл Орталық банк пен инвесторлардың алаңдаушылығын тудырды;
- Оңтүстік Африка ранды теріс тәуекел сентименті және елдің бас энергетикалық компаниясы — Eskom төрағасының отставкаға кетуі аясында 1,9%-ға (17,35-тен 17,68-ге дейін) әлсіреді;
- Ресей рублі ЕО-ның тау-кен және энергетика секторларына арналған шектеулерді көздейтін РФ-ға қарсы санкциялар пакетін бекітуі аясында 3,6%-ға (62,43-тен 64,65-ке дейін) әлсіреді. РФ ОБ мөлшерлемені 7,5% деңгейінде қалдырды.
Источник: dknews.kz