үй Әлем жаңалықтары Алаш қайраткерлері: қазақ халқының бостандығы үшін күрес батырлары

Алаш қайраткерлері: қазақ халқының бостандығы үшін күрес батырлары

51
0

305 Арман

Алаш қайраткерлері: қазақ халқының бостандығы үшін күрес батырлары

Ү.ж. 03 мамырда Алаш қайраткерлерін еске алып, олардың мұрасын жастарымызға насихаттау мақсатында, Санкт-Петербург қаласында оқитын әскери курсанттармен Бас консулдықтың қызметкерлері кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Алаш қайраткерлері: қазақ халқының бостандығы үшін күрес батырлары

Кездесу барысында, Бас консулдықтың қызметкерлері қазақ халқының тарихында Алаш қайраткерлерінің алар орнының ерекшеліктері мен олар өз ұлтының бостандығы жолында басын бәйгеге тіккен, туған елін отаршылдықтың бұғауынан босатып, тәуелсіз мемлекет құру үшін ақтық демі қалғанша күрескендігі жөнінде курсанттарға көптеген ақпарат ұсынды.

Алаш қайраткерлері: қазақ халқының бостандығы үшін күрес батырлары

Сонымен қатар, курсанттармен кездесу барысында ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы жөнінде деректі фильм көрсетілді.

Өз кезегінде, курсанттар Бас консулдыққа ризашылықтарын білдіріп, Алаш қайраткерлері жөнінде үлкен ақпарат алғандықтарын мәлімдеді.

Источник: dknews.kz