үй Әлем жаңалықтары Алматыдағы аймақтық курс: әскерилер гендерлік аспектілерді талқылайды

Алматыдағы аймақтық курс: әскерилер гендерлік аспектілерді талқылайды

38
0

196 Awrora

Алматыдағы аймақтық курс: әскерилер гендерлік аспектілерді талқылайды

Фотосурет: Gov

Алматыда гендерлік аспектілер бойынша өңірлік курс өтуде, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлік операциялар орталығында Орталық Азия өңірі елдері күш құрылымдары өкілдерінің қатысуымен гендерлік мәселелер жөнінде әскери кеңесшілерге арналған курс басталды.

Алматыдағы аймақтық курс: әскерилер гендерлік аспектілерді талқылайды

Оған ҚР Қарулы күштерінің әскери қызметшілері, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан ведомстволарының мамандары қатысуда. «БҰҰ-әйелдер» құрылымының өңірлік кеңсесінің өкілінен басқа KAZCENT офицерлері де нұсқаушы ретінде әрекет етеді.

Алматыдағы аймақтық курс: әскерилер гендерлік аспектілерді талқылайды

Орталықта осындай сабақтар үшінші жыл өткізіледі. Курс тыңдаушылары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің  «Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік» 1325 қарарының іске асырылу барысымен, гендерлік мәселелер және адам қауіпсіздігі жөніндегі кеңесші қызметімен танысады. Бағдарлама бейбіт тұрғындарды қорғаудың құқықтық және тұжырымдамалық негіздерін зерттеуді қамтиды. 

Алматыдағы аймақтық курс: әскерилер гендерлік аспектілерді талқылайды

«Әскери қақтығыстар кезінде көбіне әйелдер мен балалар қылмыстың құрбаны болады. Курс барысында зорлық-зомбылықтан аман қалған әйелдер мен қыздарды қорғау мен оңалтуға жәрдемдесу қағидаттары зерделенетін болады. Бүгінгі таңда жанжалдардың алдын алу мен реттеудегі әйел бітімгерлердің рөлі барған сайын арта түскенін атап өткім келеді» Орталықтың Бітімгерлік даярлық басқармасының аға офицері майор Римма Шәкеева 

Алматыдағы аймақтық курс: әскерилер гендерлік аспектілерді талқылайды

Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылымындағы гендерлік кеңесшілердің миссиясы қауіпсіздік саласындағы гендерлік теңдік стратегиясын жүзеге асыру болып табылады. Әйелдердің бітімгерлік операцияларға қатысуын кеңейту халықтың осал санаттарымен байланыс орнату және олардың құқықтарын қорғау мақсатында БҰҰ-ның басты міндеті болып табылады.

Источник: dknews.kz