үй Әлем жаңалықтары Араб шығанағы мемлекеттері ынтымақтастық кеңесі Қазақстанмен және Орталық Азия өңірімен өзара әрекеттестікті...

Араб шығанағы мемлекеттері ынтымақтастық кеңесі Қазақстанмен және Орталық Азия өңірімен өзара әрекеттестікті дамытуға мүдделі

10
0

240 rob

Араб шығанағы мемлекеттері ынтымақтастық кеңесі Қазақстанмен және Орталық Азия өңірімен өзара әрекеттестікті дамытуға мүдделі

Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын Араб шығанағы мемлекеттері ынтымақтастық кеңесінің жаңадан тағайындалған Бас хатшысы Жасем Мұхаммед әл-Будавимен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Б. Арын ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің атынан Кеңес басшысына осы лауазымға тағайындалуына байланысты құттықтау хатын табыс етіп, жоғары қызметіне табыс тіледі.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Араб шығанағы мемлекеттері ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшылығы арасындағы өзара іс-қимыл мәселелерін, оның ішінде «Орталық Азия — Араб шығанағы мемлекеттері» өңіраралық ынтымақтастықтың жаңа форматы шеңберінде сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту жолдарын талқылады. Бұл ретте, Орталық Азия елдері мен Араб шығанағы мемлекеттері арасындағы жоғары және өте жоғары деңгейдегі саяси диалогты одан әрі дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Араб шығанағы мемлекеттері ынтымақтастық кеңесі Қазақстанмен және Орталық Азия өңірімен өзара әрекеттестікті дамытуға мүдделі

Сондай-ақ, 2022 жылғы 7 қыркүйекте Эр-Рияд қаласында өткен «Орталық Азия — Араб шығанағы мемлекеттері» министрлік кездесуінің қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысы қаралды.

Сонымен қатар, Б. Арын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан» құруды және қоғамды демократияландыруды көздеген бағдарламасының негізгі тұстары, оның ішінде кешенді әлеуметтік-саяси қайта құрулар мен конституциялық түзетулерді жүзеге асырудың негізгі аспектілері туралы, сондай-ақ алдағы ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарына сайлауға дайындық жөнінде хабардар етті.

Өз кезегінде, Ж. Әл-Будави Кеңес пен Қазақстан арасындағы стратегиялық диалог қатынастарын нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, инвестициялар, көлік және логистика, ғылым мен мәдениет және т.б. басым бағыттарда Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделілігін қуаттады.

Сауд Арабиясы, Кувейт, Оман, Қатар, Бахрейн және БАӘ сияқты араб елдерін біріктіретін Араб шығанағындағы мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі қарқынды дамып келе жатқан халықаралық ұйым болып табылады. Әлемдік экономиканың қаржылық резервтерінің және мұнай қорларының 40%-ы Араб шығанағы мемлекеттерінде шоғырланған.

Источник: dknews.kz