үй Әлем жаңалықтары Астана мен Лондон сауда-инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді

Астана мен Лондон сауда-инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді

67
0

1067

Астана мен Лондон сауда-инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді

Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Салли Аксуорсимен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Тараптар Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегі талқыланды.

Астана мен Лондон сауда-инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді

Жоғары деңгейдегі қарым-қатынастар мен белсенді екіжақты байланыстарды қолдауға, сондай-ақ сауда-инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге өзара ниет аталып өтті.

Астана мен Лондон сауда-инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді

Министр Қазақ-британ стратегиялық диалогы мен Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның іскер топтары арасындағы байланыстарды нығайтуға, экология, энергетика, су ресурстары, білім және өзге де басым бағыттардағы серіктестік бастамаларын ілгерілетудегі тиімді жұмысын жоғары бағалады.

Астана мен Лондон сауда-инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді

Өз кезегінде Елші Лондонның Астанамен екіжақты, өңірлік және халықаралық деңгейлердегі диалогты одан әрі дамытуға мүдделі екенін растады.

Астана мен Лондон сауда-инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді

Кездесу соңында тараптар министрліктер мен мекемелер арасындағы, сондай-ақ көпжақты алаңдар аясындағы өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.

ҚР СІМ Қазақстан және Ұлыбритания халықаралық ынтымақтастық

Источник: dknews.kz