273 Арман
21-22 желтоқсанда Астанадағы «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешенінде (Тұран, 59) қазақстандық ауыр атлет, төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин бастамасымен және ұйымдастыруымен күштік спорт түрлерінен «ILYIN IRON CUP» демонстрациялық турнирі өтеді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.
«ILYIN IRON CUP» — Қазақстан мен көршілес елдердің 200-ге жуық кәсіпқой спортшысы ауыр атлетика, пауэрлифтинг, армрестлинг, кроссфит, мас-рестлинг, гір көтеру, армлифтинг, воркаут, стронгмен сынды спорт түрлері бойынша үздік атану үшін күресетін бірегей спорттық іс-шара.
Турнирдің ашылу салтанаты 21 желтоқсанда сағат 10.00-де өтеді.
Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, олимпиада чемпиондары — Серік Сәпиев және Ольга Рыпакова, G-PARK компаниясының бас директоры Ғабит Сатмағамбетов, «Фридом Финанс» инвестициялық компаниясының негізін қалаушы және т.б. қатысады деп күтілуде.
Илья Ильин атап өткендей, турнирдің басты мақсаты – елімізде бұқаралық спортты насихаттау.
«Осындай жарыстарды кәсіпқойлар арасында ұйымдастыруды көптен армандадым, олар бір алаңда көшбасшылық үшін бірге күресетін өз саласының мықты спортшылары. Болашақта бұл турнирді еліміздің түкпір-түкпірінен, сондай-ақ көршілес елдерден көптеген спортшылар жиналып, бәсекелестік атмосферасын тағы бір сезініп, спорттың ұлылығына құрмет көрсететіндей «темір» жекпе-жек өнері бойынша «шағын олимпиада» ретінде көремін. Бұл менің спорттық мансабымды аяқтағаннан кейін жүзеге асырған алғашқы ірі жобаларымның бірі және біздің «Iron Cup» ешкімді бей-жай қалдырмай, жыл сайынғы спорт мерекесіне айналатынына сенемін» Илья Ильин
Айта кетейік, шара Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамыту тұжырымдамасы аясында Астана қаласы әкімдігінің және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткізіліп отыр.
Турнирдің ашылу салтанаты 21 желтоқсанда сағат 10.00-де Тұран даңғылы, 59 мекенжайы бойынша «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өтеді.
Источник: dknews.kz