үй Әлем жаңалықтары Астанада ШЫҰ инвесторлар қауымдастығының алғашқы отырысы өтті

Астанада ШЫҰ инвесторлар қауымдастығының алғашқы отырысы өтті

49
0

2640

Астанада ШЫҰ инвесторлар қауымдастығының алғашқы отырысы өтті

Фотосурет: Gov

Астанада ШЫҰ Инвесторлар қауымдастығының жұмысы басталды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан елордасында Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің Инвесторлар қауымдастығының алғашқы отырысы өтті.

Астанада ШЫҰ инвесторлар қауымдастығының алғашқы отырысы өтті

Құрылтай жиналысында мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің 20-дан астам инвестициялық ведомстволары мен қорларының өкілдері қатысты.

Астанада ШЫҰ инвесторлар қауымдастығының алғашқы отырысы өтті

Отырысқа қатысушылар ШЫҰ шеңберіндегі өзара іс-қимылдың ағымдағы және перспективалық бағыттары туралы пікір алмасты, сондай-ақ экономиканың негізгі салаларында әлеуетті инвестициялық жобаларды қалыптастыру мүмкіндіктерін талқылады. Инвестициялық ахуалды жақсарту және осы саладағы бар кедергілерді еңсеру мәселелеріне ерекше назар аударды.

Астанада ШЫҰ инвесторлар қауымдастығының алғашқы отырысы өтті

Отырыстың қорытындысы бойынша Қауымдастықтың жұмыс жоспары қабылданды және Хаттамаға қол қойылды.

Астанада ШЫҰ инвесторлар қауымдастығының алғашқы отырысы өтті

Инвесторлар қауымдастығы ШЫҰ-ға мүше Мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімімен 2024 жылғы 4 шілдеде Ұйымның Астана саммитінде құрылды және ШЫҰ форматындағы тікелей және портфельдік инвестициялар нарығын дамыту, оларды елдер экономикаларының басым секторларына тарту және инвестициялық жобаларды кешенді сүйемелдеуге арналған көпжақты, консультациялық-сараптамалық алаң болып табылады.

Сыртқы экономикалық байланыстар Халықаралық ынтымақтастық ШЫҰ Инвесторлар қауымдастығы ШЫҰ

Источник: dknews.kz