үй Әлем жаңалықтары ҚазҰУ ректоры Ма Синжуймен кездесті

ҚазҰУ ректоры Ма Синжуймен кездесті

17
0

604 Арман

ҚазҰУ ректоры Ма Синжуймен кездесті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Алматыда өткен Қазақстан Республикасы мен ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының шекара маңы ынтымақтастығының II Достық диалог отырысына қатысты. Кездесудің мақсаты – екі ел арасындағы ынтымақтастықты тереңдету және байланысты арттыру, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шара аясында университет ректоры ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі, ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы ҚКП партия комитетінің хатшысы Ма Синжуймен кездесті.

ҚазҰУ ректоры Ма Синжуймен кездесті

Жансейіт Түймебаев құрметті мейманға ҚазҰУ-дың жетістіктері мен оқу орнының ғалымдары әзірлеген инновациялық жобалар туралы ақпарат берді. Сондай-ақ университет қабырғасында дайындалған «Al-Farabi-2» наноспутнигінің моделін және «Әл-Фараби» кітабын сыйға тартты.

ҚазҰУ ректоры Ма Синжуймен кездесті

Сөз соңында Жансейіт Түймебаев ҚазҰУ-дың ғылыми инфрақұрылымымен танысу үшін Ма Синжуй мырзаны университетке арнайы шақырды.

ҚазҰУ ректоры Ма Синжуймен кездесті

Айта кетейік, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ҚХР-дың 43 жоғары оқу орнымен серіктестік орнатқан. Атап айтқанда: Шанхай шет тілдері университеті, Бейжің университеті, Ухан университеті, Гонконг политехникалық университеті, Шыңжаң университеті, Бейжің шет тілдері университеті және т.б. 2019-2022 оқу жылдары ҚазҰУ-дың 79 білім алушысы «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша Қытай университеттерінде тағылымдамадан өтті.

ҚазҰУ ректоры Ма Синжуймен кездесті

Сондай-ақ білім ордасының 37 ОПҚ өкілі конференцияларға қатысу үшін Қытайға барып, біліктіліктерін арттырған болатын. Қазіргі таңда ҚазҰУ-да 386 қытайлық студент оқып жатыр. Университетте Қытайтану кафедрасы мен Конфуций институты жұмыс істейді.

ҚазҰУ ректоры Ма Синжуймен кездесті

ҚазҰУ ректоры Ма Синжуймен кездесті

Источник: dknews.kz