үй Әлем жаңалықтары ҚазҰУ студенттері Францияда тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алады

ҚазҰУ студенттері Францияда тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алады

27
0

135 Арман

ҚазҰУ студенттері Францияда тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев «Франс Медиа Монд» академиясының өкілі, «France 24» телеарнасының төрағасы, журналист Антуан Кормеримен, «Сорбонна-Қазақстан» институтының және «Гео-Энергетика» орталығының директоры Кристин Бутейемен кездесті. Жүздесу барысында тараптар ынтымақтастық орнату жолдарын талқылап, бірқатар мәселелерді ортаға салды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

ҚазҰУ студенттері Францияда тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алады

ҚазҰУ студенттері Францияда тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алады

Жансейіт Түймебаев құрметті қонақтарды ыстық ықыласпен қарсы алып, білім ордасына жасаған сапары үшін алғысын жеткізді. Сондай-ақ ректор меймандарға ҚазҰУ-дың жетістіктері мен алдағы жоспарлары туралы баяндады.

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті QS әлемдік рейтингінде топ-150 үздік жоғары оқу орындарының қатарында. Университет алғаш рет QS рейтингісі бойынша Орталық Азиядағы ең үздік жоғары оқу орындары тізіміне еніп, 44-ші орынға ие болды. Сондай-ақ, «QS Asia University Rankings 2023: Орталық Азия» рейтингісінде бірінші орында тұр. Қырғызстан және Түркия Республикасында білім ордасының филиалы ашылды. Шетелдік жоғары оқу орындарымен серіктестік күннен-күнге артып келеді. Мәселен, бүгінде Францияның жетекші жоғары оқу орындарымен және институттарымен бірге барлығы 20 келісімге қол қойылды.

ҚазҰУ студенттері Францияда тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алады

ҚазҰУ студенттері Францияда тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алады

Бүгінде дәріс өткізу және ғылыми жетекшілік ету үшін «Қазақстанның жоғары оқу орындарына шетелдік мамандарды тарту» бағдарламасы аясында Францияның профессорлары мен PhD докторанттары тартылды. Соңғы үш жылда Франциядан 14 профессор келді. ҚазҰУ-да «Гео-Энергетика» франко-қазақстандық орталығы табысты жұмыс істейді. Аталмыш орталықта климаттық өзгерістер саласында зерттеу жұмыстары жүргізіліп, ауқымды ғылыми жобалар іске асырылуда», — деді университет ректоры. Сонымен қатар өз сөзінде ректор ынтымақтастықты арттыру үшін бірқатар нақты ұсынысын жеткізді.

ҚазҰУ студенттері Францияда тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алады

ҚазҰУ студенттері Францияда тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алады

«Алдағы уақытта журналистика факультетінің магистратурасында «Қазіргі француз журналистикасы» атты бірлескен білім беру бағдарламасын құру және іске асыру қажет деп ойлаймын. Сондай-ақ қазақ және француз тілдерін, мәдениетін, әдебиетін дәріптеу мақсатында аудио және бейне контент дайындау керек. ҚазҰУ білім мен ғылымның әртүрлі бағыттары бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту жөніндегі барлық бастамаларды қолдауға дайын» Жансейіт Түймебаев

Өз кезегінде Антуан Кормери жылы қабылдағаны үшін университет ректорына ризашылығын білдіріп, өз пікірін ортаға салды.

ҚазҰУ студенттері Францияда тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алады

ҚазҰУ студенттері Францияда тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алады

«ҚазҰУ мен «Франс Медиа Монд» академиясы арасында ынтымақтастық орнату маңызды қадам деп санаймын. ҚазҰУ студенттері Францияда тағылымдамадан өтіп, практикалық тұрғыда тәжірибе алмасады. Бұл бастама өз кезегінде білікті және мықты журналистерді даярлауда өз үлесін қосатын болады» Антуан Кормери

Жүздесу соңында қос тарап аталған бастамаларды жоспарлы түрде іске асыруға уағдаласып, естелік сыйлықтармен алмасты.

Кездесуден соң құрметті меймандар ҚазҰУ-дың Ақпарат және коммуникациялар департаментінде болып, атқарылып жатқан жұмыстарға қанықты. Сонымен қатар, журналистика факультетіне барып, студенттермен кездесті.

Источник: dknews.kz