үй Әлем жаңалықтары Қазақ киіз үйі Тель-Авивте өткен танымал халықаралық туристік көрмесін безендірді

Қазақ киіз үйі Тель-Авивте өткен танымал халықаралық туристік көрмесін безендірді

6
0

306 rob

Қазақ киіз үйі Тель-Авивте өткен танымал халықаралық туристік көрмесін безендірді

Қазақстанның Израильдегі Елшілігі танымал 29-шы Халықаралық Жерорта теңізі туристік көрмесінде (International Mediterranean Tourism Market 2023) киіз үй тікті, передает DKNews.kz.

Көрмеге келушілер қазақ халқының салт – дәстүрлерімен танысып, киіз үй элементтерінің қасиетті мағынасы туралы біліп, қазақ дастарханының інжу-маржаны — бауырсақ, қазы мен құртың дәмін татты, сондай-ақ ұлттық киімдер мен әшекейлерді киіп көрді.

Қазақ киіз үйі Тель-Авивте өткен танымал халықаралық туристік көрмесін безендірді

Көрме қонақтары домбыра әуендерін тамсана тыңдады, ал Қазақстан туралы бейнероликтер қатысушыларға еліміз табиғатының сұлулығы мен мәдениетіміздің өзіндік ерекшелігін сезінуге мүмкіндік берді.

Қазақ киіз үйі Тель-Авивте өткен танымал халықаралық туристік көрмесін безендірді

Көптеген израильдік туристер Тель-Авив – Алматы бағыты бойынша «Air Astana» авиакомпаниясымен жоспарлаған тікелей рейстерінің ашылуын асыға күтеді, оның өкілдері де көрмеге қатысты.

Қазақ киіз үйі Тель-Авивте өткен танымал халықаралық туристік көрмесін безендірді

International Mediterranean Tourism Market — Шығыс Жерорта теңізі аймағындағы туризм саласындағы ең ірі көрме болып табылады және Израильдің Туризм министрлігі, Қонақ үйлер қауымдастығы, Туристік агенттіктер қауымдастығы және Израиль туроператорлар қауымдастығының кең қолдауымен өтеді.

Источник: dknews.kz