үй Әлем жаңалықтары Қазақстан Елшісі TATA Projects менеджментімен кездесті

Қазақстан Елшісі TATA Projects менеджментімен кездесті

17
0

82 Арман

Қазақстан Елшісі TATA Projects менеджментімен кездесті

Қазақстан Елшісі Нұрлан Жалғасбаев халықаралық бизнесті дамыту жөніндегі директор Р.К.Пандей мырза бастаған Tata Group Үнді трансұлттық конгломератының еншілес компаниясы – TATA Projects менеджментімен кездесті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Кездесу барысында тараптар ү.ж. желтоқсанда өткен TATA Projects компаниясының сараптамалық тобының ҚР-ға сапарының және бірқатар қазақстандық министрліктер мен ұлттық компаниялардағы кездесулердің қорытындыларын талқылады. Үндістандық бизнесмендер сапарды ұйымдастыруда Елшілікті жан-жақты қолдағаны үшін алғыстарын білдіріп, олардың компаниясының инвестициялық жобаларға, сондай-ақ Қазақстанда энергетика және инфрақұрылымды дамыту саласында өткізілетін қазақстандық тараптың өтініші бойынша тендерлерге қатысуға мүдделілігін атап өтті. Сондай-ақ, Р.К. Пандей қазіргі уақытта «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметіне TATA Projects қатысу перспективасымен біздің елімізде компания өкілдігін ашу мүмкіндігі зерттеліп жатқанын хабарлады.

TATA Group — капиталдандыру деңгейі бойынша Үндістандағы ең ірі компаниялардың бірі (2022 жылғы наурыздағы жағдай бойынша 3 311 млрд.) және жалпы айналымы $128 млрд. (2022 жылға). Құрамына бизнестің әртүрлі секторларындағы 114 компания мен филиалдар кіреді. 80-нен астам елде өкілдіктері бар.

Источник: dknews.kz