үй Әлем жаңалықтары Қазақстан халықаралық Авраам келісімдеріне қосылғанын жариялады

Қазақстан халықаралық Авраам келісімдеріне қосылғанын жариялады

58
0

1463

Қазақстан халықаралық Авраам келісімдеріне қосылғанын жариялады

Фотосурет: © Sputnik / Болат Шайхинов

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі еліміздің Авраам келісімдеріне қосылғанын мәлімдейді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұл маңызды шешім тек Қазақстан мүддесі үшін қабылданды және республиканың теңгерімді, сындарлы, бейбіт сыртқы саясатының сипатына толық сәйкес келеді. Авраам келісімдеріне қосылу еліміздің барлық мүдделі мемлекеттермен ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етеді, яғни Қазақстанның стратегиялық мақсаттарына толық сәйкес.

Қазақстан әрдайым Таяу Шығыстағы қақтығыстың халықаралық құқық нормаларына, БҰҰ тиісті қарарларына және «екі халық үшін екі мемлекет» қағидаты негізінде әділ, жан-жақты әрі орнықты реттелуін қолдайды.

ҚР СІМ БҰҰ сыртқы саясат

Источник: dknews.kz