үй Әлем жаңалықтары Қазақстан және CNPC: мұнай-газ саласындағы табысты ынтымақтастықтың 25 жылы

Қазақстан және CNPC: мұнай-газ саласындағы табысты ынтымақтастықтың 25 жылы

192
0

1397 Арман

Қазақстан және CNPC: мұнай-газ саласындағы табысты ынтымақтастықтың 25 жылы

Фотосурет: Reuters

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен CNPC компаниясының вице-президенті Хуан Юнчжан энергетика саласындағы жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Премьер-Министр CNPC – Қазақстанның энергетика саласындағы маңызды стратегиялық серіктестерінің бірі екенін және компанияның 25 жылдан астам елімізде табысты жұмыс істеп келе жатқанын атап өтті.

Қазақстан және CNPC: мұнай-газ саласындағы табысты ынтымақтастықтың 25 жылы

«Біз мұнай-газ саласының барлық секторындағы ірі жобаларды бірлесе жүзеге асырған жылдар аралығында сенімді серіктестік қатынас орнаттық. Қазақстан үкіметі стратегиялық ынтымақтастығымызды әрі қарай да тереңдетуге ниетті» Әлихан Смайылов

Қазақстан және CNPC: мұнай-газ саласындағы табысты ынтымақтастықтың 25 жылы

Өз кезегінде Хуан Юнчжан бұған дейін де бірқатар бірлескен жобалардың сәтті жүзеге асырылғанын, олардың басым бөлігі өзара тиімді ынтымақтастықтың үлгісі болып саналатынын атап өтіп, компания Қазақстан Республикасындағы қызметін кеңейтуге мүдделі екенін білдірді. 

«Қытай мен Қазақстан – тату көршілер. CNPC елдеріміз арасындағы екіжақты қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға үлес қосуға дайын» Хуан Юнчжан

Кездесу барысында тараптар мұнай экспорты, Қазақстандағы CNPC жұмыскерлерінің еңбек жағдайын жақсарту, сондай-ақ басқа да бірқатар өзекті мәселелерді талқылады.

Источник: dknews.kz