үй Әлем жаңалықтары Қазақстан және Еуропалық одақ аса маңызды шикізат саласында ынтымақтастықты арттырудың жолдарын пысықтады

Қазақстан және Еуропалық одақ аса маңызды шикізат саласында ынтымақтастықты арттырудың жолдарын пысықтады

18
0

287 rob

Қазақстан және Еуропалық одақ аса маңызды шикізат саласында ынтымақтастықты арттырудың жолдарын пысықтады

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде Қазақстан мен Еуропалық одақтың ресми өкілдері кездесіп, тараптар аса маңызды шикізат пен аккумулятор батареялары және жасыл сутегі саласындағы әріптестікті нығайтудың мәселелерін талқылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан және Еуропалық одақ аса маңызды шикізат саласында ынтымақтастықты арттырудың жолдарын пысықтады

Шетелдік делегацияның құрамы Еуропалық комиссияның өнеркәсіп, энергетика жөніндегі бас директорат пен Еуропалық одақтың еліміздегі өкілдерінен тұрғанын айта кетейік.

Қазақстан және Еуропалық одақ аса маңызды шикізат саласында ынтымақтастықты арттырудың жолдарын пысықтады

Қазақстан және Еуропалық одақ аса маңызды шикізат саласында ынтымақтастықты арттырудың жолдарын пысықтады

Бұл кездесуде екі жақ аса қажетті шикізаттың, аккумулятор батареяларының және жасыл сутегінің құн тізбегіне байланысты стратегиялық әріптестік туралы меморандум шеңберінде әзірленіп жатқан Жол картасының мазмұнын қарастырды. Аталған меморандумға былтыр қазан айында СОР27 саммиті аясында қол қойылған болатын.

Қазақстан және Еуропалық одақ аса маңызды шикізат саласында ынтымақтастықты арттырудың жолдарын пысықтады

Осы Жол картасының жобасында шикізат пен қалдықтарды өңдеу, ТМТ-ді әзірлеу (техногенді минералды түзілімдер), «жасыл» стандарттарға көшу, сондай-ақ зерттеулер мен біліктілікті арттыру салаларында екіжақты әріптестікті нығайту жөніндегі іс-шаралар қамтылған.

Қазақстан және Еуропалық одақ аса маңызды шикізат саласында ынтымақтастықты арттырудың жолдарын пысықтады

Тұтастай алғанда, аталған құжат өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тікелей байланыстарды ұйымдастырып, аса маңызды шикізат саласындағы заңнаманы үйлестіру мен техникалық көмек көрсетуге және Еуроодақтан Қазақстанға озық технологияларды трансферттеуге бағытталғанын айта кеткен орынды. 

Қазақстан және Еуропалық одақ аса маңызды шикізат саласында ынтымақтастықты арттырудың жолдарын пысықтады

Кездесудің соңында еліміздің Еуропалық Одақпен дипломатиялық байланысты орнатқанына 30 жыл толғаны атап өтіліп, тараптар бұл бағыттағы интеграциялық процестерді бекемдей түсуге ниетті екендерін жеткізді .

Источник: dknews.kz