104 Арман
Фотосурет: Elena Odareeva/CP
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті кітапханасында Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті. Кеңес мүшелерінің қарауына ұйымның ғылыми жобаларын іске асыру аясында дайындалған басылымдар ұсынылды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.
Мәселен, «Қазақстан және мұсылман әлемі» ғылыми жинағы тәуелсіз Қазақстанның бейбіт және көп векторлы саясатының арқасында қол жеткізілген сыртқы саясаттағы жетістіктерді насихаттауға бағытталған.
Тұңғыш Президент кітапханасы қызметкерлерінің 2022 жылға арналған ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін қамтитын жинағында еліміздің қоғамдық-саяси дамуының өзекті мәселелеріне, Мемлекет басшысының бастамаларын талдауға көңіл бөлінген. Жинаққа ұсынылған мақалалар Тұңғыш Президент кітапханасының ғылыми-зерттеу, қор, мәдени-ағартушылық қызметінің негізгі бағыттарын көрсетеді.
Сондай-ақ, Ғылыми кеңестің жыл ішіндегі жұмысының қорытындысы шығарылып, алдағы 2023 жылға арналған жоспарлар талқыланды.
«Жеткілікті деңгейдегі жан-жақты талқылау болды. Ұсынылған баспа жобаларының барлығы біздің әріптестеріміз атқарған қыруар жұмыстың жемісі» Жиын соңында Ғылыми кеңестің төрағасы – Кітапхана директоры Бақытжан Темірболат
Источник: dknews.kz