үй Әлем жаңалықтары Қазақстан мен БАӘ дипломаттары шарттық-құқықтық ынтымақтастықты дамытуға келісті

Қазақстан мен БАӘ дипломаттары шарттық-құқықтық ынтымақтастықты дамытуға келісті

62
0

715

Қазақстан мен БАӘ дипломаттары шарттық-құқықтық ынтымақтастықты дамытуға келісті

Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің сыртқы істер министрліктерінің халықаралық құқық департаменттері арасында алғашқы консультациялар өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шараға қазақ тарапынан ҚР СІМ Халықаралық құқық департаментінің директоры Дастан Сүлейменов, ал әмірлік тарапынан БАӘ СІМ Халықаралық-құқықтық департаментінің директоры Абдулла Хамдан Әлнакби қатысты.

Кездесу барысында тараптар екі мемлекет арасындағы шарттық-құқықтық базаның түгендеуін жүргізіп, оны одан әрі дамыту жөніндегі жоспарларды талқылады. Сонымен қатар құқықтық қызметтер өзекті халықаралық-құқықтық мәселелер жөнінде пікір алмасып, халықаралық шарттарды жасасу мәселелері бойынша тәжірибемен бөлісті.

Дипломаттар шарттық-құқықтық базаны дамыту жөніндегі бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті және келесі кездесуді Астанада өткізуге уағдаласты.

Қазақстан және БАӘ ҚР СІМ шарттық-құқықтық база

Источник: dknews.kz