үй Әлем жаңалықтары Қазақстан мен БАӘ ЖЭК саласындағы флагмандық жобаны ілгерілетуде

Қазақстан мен БАӘ ЖЭК саласындағы флагмандық жобаны ілгерілетуде

113
0

2024

Қазақстан мен БАӘ ЖЭК саласындағы флагмандық жобаны ілгерілетуде

Фотосурет: Gov

ОПЕК халықаралық семинары аясында ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенжанов пен БАӘ Энергетика және инфрақұрылым министрі Сухейл әл-Мазруи кездесті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қос тарап ынтымақтастықтың серпінді дамуын жоғары бағалап, оны әріптестіктің жарқын үлгісі деп атады.

Келіссөзде БАӘ-нің жетекші компаниясы Masdar-дың қатысуымен жүзеге асырылып жатқан Жамбыл облысындағы қуаттылығы 1 ГВт болатын жел электр станциясы құрылысы талқыланды.

Қазақстан мен БАӘ ЖЭК саласындағы флагмандық жобаны ілгерілетуде

Ерлан Ақкенжанов бұл стратегиялық жобаны Қазақстан билігі жан-жақты қолдайтындығын жеткізді. Жобаға бұрын-соңды болмаған басымдықтар берілгенін айтып, үкіметаралық келісімнің өте қысқа мерзімде бекітілгенін тілге тиек етті. Бұл – Қазақстан тарапының өз міндеттемелеріне адалдығын көрсетеді.

Сухейл әл-Мазруи өз кезегінде жасалған қолайлы жағдайға алғысын білдіріп, Masdar компаниясы жобаны жоспарға сай жүзеге асыратындығын жеткізді.

Қазақстан мен БАӘ ЖЭК саласындағы флагмандық жобаны ілгерілетуде

«БАӘ, соның ішінде Masdar компаниясымен әріптестігіміз – ортақ сенім мен табыстың жарқын үлгісі. Бұл жоба өңірдегі жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласындағы ең ірі бастама және «жасыл» энергетика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі арттыруға негіз болады. Біз БАӘ экономикамызды декарбонизациялау мақсаттарына жетудегі негізгі стратегиялық серіктесіміз деп санаймыз» Ерлан Ақкенжанов

ҚР ЭМ Ерлан Ақкенжанов Қазақстан және БАӘ халықаралық ынтымақтастық

Источник: dknews.kz