үй Әлем жаңалықтары Қазақстан мен China Xinhong Group озық технологиялар саласындағы ынтымақтастыққа дайын

Қазақстан мен China Xinhong Group озық технологиялар саласындағы ынтымақтастыққа дайын

8
0

42 Арман

Қазақстан мен China Xinhong Group озық технологиялар саласындағы ынтымақтастыққа дайын

Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев «China Xinxing Group Co., Ltd.» корпорация Директорлар кеңесінің төрағасы Чжан Цзяньмен кездесу өткізді. Оның барысында әртүрлі салаларда Қазақстан-Қытай бірлескен жобаларын іске асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Атап айтқанда, Чжан Цзянь қазақстандық дипломатты корпорацияның Қазақстандағы ағымдағы қызметі туралы хабардар етіп, станок жасау, медицина және фармацевтика салаларда бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға қызығушылық білдірді. Сонымен бірге, Қазақстанның азық-түлік саласындағы елеулі әлеуетін ескере отырып, қазақстандық экологиялық таза ауыл шаруашылық өнімді қытай нарығында сату үшін импорттауға дайын екендігін білдірді.

Бұдан бөлек, сұхбат барысында а.ж. мамыр айында JD.com электрондық сауда платформасында іске қосылуға жоспарланып отырған Қазақстанның ұлттық павильонын ашу мәселелері талқыланды.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын айқындау және бірлескен Қазақстан-Қытай жобаларын одан әрі іске асыру мақсатында жұмыс байланыстарын жалғастыруға келісті.

Қытайлық «China Xinxing Group Co., Ltd.» корпорациясы 1953 ж. құрылған. Корпорация 17 жыл бойы «ААА» кредиттік рейтингін сақтап келеді. Компанияның жарғылық капиталы 154 млн. долл., жиынтық активтері – 3,04 млрд. долл., қызметкерлердің жалпы саны — 6 мың адамды құрайды. Компания бес негізгі бағыт бойынша жұмыс істейді: құрылыс, инженерлік қызметтер, өндіріс пен қызмет көрсетудің озық технологиялары, медицина және электрондық сауда.

Источник: dknews.kz