үй Әлем жаңалықтары Қазақстан мен Индонезия бизнес пен логистикаға арналған онлайн-платформаны іске қосуда

Қазақстан мен Индонезия бизнес пен логистикаға арналған онлайн-платформаны іске қосуда

34
0

101 Арман

Қазақстан мен Индонезия бизнес пен логистикаға арналған онлайн-платформаны іске қосуда

Қазақстан Елшісі Сержан Әбдікәрімов Индонезия Сауда-өнеркәсіп палатасы төрағасының халықаралық ынтымақтастыққа жетекшілік ететін орынбасары Бернардино Вегамен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Тараптар қазақстандық және индонезиялық кәсіпкерлер арасындағы іскерлік байланыстарды нығайту, өзара сауданы ұлғайту және транзиттік-көліктік әлеуетті іске асыру жөніндегі шараларды талқылады. Мұнай және газ, тау-кен металлургия кешені, жаңартылатын энергия көздері, сондай-ақ инфрақұрылым құрылысы секторларындағы перспективалы жобаларды бірлесіп пысықтауға ерекше назар аударылды.

Қазақстан мен Индонезия бизнес пен логистикаға арналған онлайн-платформаны іске қосуда

Талқылаудың маңызды аспектісі экспортталатын/импортталатын тауарлар бойынша жедел ақпарат алмасу, жүктерді тасымалдаудың логистикалық маршруттарын есептеу, бірлескен өндірістерді құру мүмкіндіктерін зерделеу және т.б. үшін Қазақстан-Индонезия іскерлік онлайн-платформасын жедел іске қосу болды.

Екі елдің сауда-өнеркәсіп палаталары арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасасу және “Қазақстан-Индонезия Іскерлік кеңесін” құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Тараптар сондай-ақ ағымдағы жылдың мамыр-маусым айларында Қазақстанға сауда-инвестициялық миссияны ұйымдастыру жөніндегі жоспарларды талқылады. Сапар шеңберінде Қазақстан-Индонезия бизнес-форумын өткізу жоспарлануда.

Источник: dknews.kz