үй Әлем жаңалықтары Қазақстан мен Оңтүстік Корея екіжақты стратегиялық әріптестікті тереңдетуді жалғастыруда

Қазақстан мен Оңтүстік Корея екіжақты стратегиялық әріптестікті тереңдетуді жалғастыруда

25
0

239 rob

Қазақстан мен Оңтүстік Корея екіжақты стратегиялық әріптестікті тереңдетуді жалғастыруда

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш Корея Республикасының Елшісі Ку Хоң-сокпен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Тараптар екі ел арасындағы қарым-қатынастың қазіргі жағдайы мен екіжақты және көпжақты форматтағы Қазақстан-Корея ынтымақтастығының перспективаларын талқылады. Сонымен қатар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелері туралы ой бөлісті. 

Қазақстан мен Оңтүстік Корея екіжақты стратегиялық әріптестікті тереңдетуді жалғастыруда

Қ. Тумыш жоғарғы және жоғары деңгейде белсенді саяси диалогты сақтаудың маңыздылығын, сондай-ақ Астана мен Сеул арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға мүдделілігін жеткізді. Өз кезегінде корей дипломаты өзара тиімді салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге дайындығын білдірді.

Қазақстан мен Оңтүстік Корея екіжақты стратегиялық әріптестікті тереңдетуді жалғастыруда

Бүгінгі таңда екі мемлекет арасындағы тауар айналымы 6 млрд АҚШ доллардан асады. Корея Республикасы Қазақстанның ірі инвестор елдері арасында 6-шы орынды иеленуде. Елдеріміз логистика, машина жасау, құрылыс, тамақ өнеркәсібі, тау-кен металлургиясы, электроника және мұнай-газ өнеркәсібі тәрізді салалардағы жобаларды бірлесіп іске асырумен қатар, ықпалдастықтың кең ауқымды ынтымақтастығын дамытып келеді. 

Источник: dknews.kz