үй Әлем жаңалықтары Қазақстан мен Палестина ынтымақтастықты дамытуда

Қазақстан мен Палестина ынтымақтастықты дамытуда

0

644 Awrora

 Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш Палестина Мемлекетінің Қазақстандағы Елшісі, еліміздегі дипломатиялық корпустың дуайені Монтасер Әбу Зейдпен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен Палестина арасындағы әртүрлі салалардағы ынтымақтастықты, сондай-ақ өңірлік және халықаралық ұйымдардағы өзара іс-қимылдың қазіргі жай-күйі мен даму келешегін талқылады. 

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар екі ел арасындағы әріптестікті жаңа сапалы деңгейге көтеру мақсатында өзара іс-қимылды әрі қарай ілгерілету бойынша уағдаластыққа қол жеткізді. 

Источник: dknews.kz

Exit mobile version