үй Әлем жаңалықтары Қазақстан мен ШЫҰ: беделді нығайту және өзара тиімді ынтымақтастық

Қазақстан мен ШЫҰ: беделді нығайту және өзара тиімді ынтымақтастық

3
0

157 rob

Қазақстан мен ШЫҰ: беделді нығайту және өзара тиімді ынтымақтастық

Фотосурет: ҚР СІМ

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев ҚХР-ға жұмыс сапары барысында Шаңхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Чжаң Миңмен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу барысында тараптар Ұйым шеңберіндегі көпжақты өзара іс-қимыл мәселелерін және ШЫҰ-ға қазақстандық төрағалықтың 2023-2024 жылдарға арналған басымдықтарын талқылады, сондай-ақ Ұйымның күн тәртібіндегі өзекті өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасты.

Қазақстан мен ШЫҰ: беделді нығайту және өзара тиімді ынтымақтастық

Сонымен қатар, тараптар Шанхай ынтымақтастық ұйымының қызметін одан әрі жетілдіру жөнінде пікір алмасып, қазақстандық төрағалық шеңберінде 2024 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған іс-шаралар жоспарын қарастырды.

Ә.Бақаев ұйымға төрағалық ету кезеңінде қазақстандық тарап жоспарлаған іс-шараларды өткізуге қолдау көрсеткені үшін Бас хатшыға өзінің алғысын білдірді. Қазақстандық дипломат Қазақстан ШЫҰ төрағасы лауазымында оның беделін одан әрі нығайтуға және ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз ету мақсатында ұйымды жаңғырту және оны одан әрі неғұрлым тиімді көпжақты алаңға айналдыру мәселелеріне ерекше назар аударатынын атап өтті.

Қазақстан мен ШЫҰ: беделді нығайту және өзара тиімді ынтымақтастық

Өз кезегінде Чжаң Миң қазақстандық төрағалыққа жоғары баға бере отырып, қазіргі уақытта хатшылық қызметіндегі басым бағыт Қазақстан Республикасының ШЫҰ-ға төрағалығы шеңберінде жоспарланған іс-шараларды табысты өткізуді қамтамасыз ету болып табылатынын мәлімдеді.

Источник: dknews.kz