үй Әлем жаңалықтары Қазақстан мен Түркия 2024 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды

Қазақстан мен Түркия 2024 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды

115
0

404 Awrora

Қазақстан мен Түркия 2024 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды

Фотосурет: Gov

Қазақстанның Қорғаныс министрі Түркияға сапармен барды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан мен Түркия 2024 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды

Анкарада қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов бірқатар кездесулер өткізіп, әскери нысандарды, қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің мекемелері мен кәсіпорындарын аралады. 

Қазақстан мен Түркия 2024 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды

Бұл күндері Түркия Республикасының құрылғанына жүз жыл толуына орай шаралар өтіп жатыр. Осы орайда қазақстандық делегация басшысы «Анытқабір» мемориалдық кешенінде Ататүрік ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Қазақстан мен Түркия 2024 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды

Генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың Ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гюлермен келіссөздері өтті. Тараптар өзара қызығушылық тудыратын салалардағы екіжақты қатынастардың ағымдағы жай-күйі мен алдағы мәселелерін талқылады.

Қазақстан мен Түркия 2024 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды

Бұдан өзге ІІМ жандармериясының бас қолбасшысы армия генералы Ариф Четинмен және Түркия Республикасы Қорғаныс өнеркәсібі басқармасының басшысы Халук Гергюнмен кездесулер өтті. 

Қазақстан мен Түркия 2024 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды

Құрлық әскерлерінің әскери училищесінде ҚР Қорғаныс ведомствосының басшысы осы оқу орнында оқитын қазақстандық курсанттармен кездесті. Министр курсанттардың оқуы, олардың бос уақыттары мен тұрмыс жағдайларының ұйымдастырылуымен танысты. Қорғаныс министрі оларға әскери пәндерді игеруде табандылық тіледі. Оқу орнында алған білімдері мен дағдылары алдағы қызметтеріне сенімді негіз болатынын атап өтті.

Қазақстан мен Түркия 2024 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды

Қазақстандық делегация сонымен қатар авиациялық техника мен ұшқышсыз басқарылатын құрылғылар шығаратын Turkish Aerospace Industries – TUSAŞ Aerospace Industries біріккен компаниясына да барды.

Қазақстан мен Түркия 2024 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды

Кездесу қорытындысы бойынша Түркия мен Қазақстан арасындағы 2024 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойылды.

Қазақстан мен Түркия 2024 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды

ҚР Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Құсайынов атап өткендей, Қазақстан мен Түркияны екіжақты қарым-қатынастардың табысты дамуының кепілі болып табылатын берік тарихи және мәдени байланыстар біріктіреді. Қазіргі уақытта екі елдің қорғаныс ведомстволары арасында әскери ғылым, білім беру, жауынгерлік дайындық және әскери-техникалық ынтымақтастық саласында өзара іс-қимыл жолға қойылған.

Қазақстан мен Түркия 2024 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды

Источник: dknews.kz