үй Әлем жаңалықтары Қазақстан мен ТМД кардиохирургиясындағы жаңа серпіліс

Қазақстан мен ТМД кардиохирургиясындағы жаңа серпіліс

23
0

472 Арман

Қазақстан мен ТМД кардиохирургиясындағы жаңа серпіліс

КІАҒЗИ-да алғаш ТМД аумағында жүректің қолқа қақпақшасын ауыстыру үшін жаңа биологиялық протез имплантацияланды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бүгін Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да Сауд Арабиясынан келген профессор Мұхамед Саллах Алрешхиданның қатысуымен Avalus жүрек қақпақшасының жаңа биологиялық протезін имплантациялау бойынша мастер-класс өтті.

Мастер-класс аясында ТМД аумағында алғаш рет жүректің қолқа қақпақшасын ауыстыру үшін ең жаңа «Avalus» биологиялық протезі 52 және 60 жастағы пациенттерге имплантацияланды.

Іс-шараға еліміздің өңірлеріндегі жетекші кардиохирургиялық клиникалардың кардиохирургтары қатысты. Олар жүре пайда болған және туа біткен қолқа (аорта) қақпақшасының ақауларына биологиялық протезді имплантациялау бойынша оқытудан өтті.

Қазақстан мен ТМД кардиохирургиясындағы жаңа серпіліс

Қазақстан мен ТМД кардиохирургиясындағы жаңа серпіліс

ҒЗИ басқарма төрағасы Марат Пашимовтың айтуынша, бүгінде медицинадағы жаңа технологиялар мыңдаған адамдардың денсаулығын қалпына келтіруге көмектеседі. Медицинадағы инновациялардың арқасында денсаулық сақтау саласы жоғары деңгейге көтерілді, адам өмірінің ұзақтығы мен сапасы артып келеді, жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету динамикасы өсуде.

«Бүгін біздің клиниканың базасында ТМД аумағында алғаш рет Сауд Арабиясының жетекші кардиохирургінің қатысуымен жүректің қолқа қақпақшасын ауыстыру үшін соңғы буындағы биологиялық протезі имплантацияланды. Бұл биологиялық жүрек қақпақшасының протезі клапан инновациясының 40 жылдан астам тәжірибесіне негізделген. Тәжірибедегі ең үздікті жинап, бүкіл әлемдік тәжірибені біріктіре отырып, жаңа буын клапаны құрылды, ол жоғары гемодинамикалық көрсеткіштерімен, пайдалану жеңілдігімен және беріктігімен, Варфаринді қолданудың қажеттілігінің болмауымен ерекшеленеді» Марат Орынбасарұлы

Митральды қақпақша ақаулары бар екі науқас жүрек аймағындағы қысымды ауырсынуларға, физикалық жүктеме кезінде ентігуге, тез шаршап қалатындықтарына және т.б. шағымдарымен стационарға түсті. Оларға хирургиялық араласу ұсынылды.

Қазақстан мен ТМД кардиохирургиясындағы жаңа серпіліс

Сауд Арабиясынан келген кардиохирург, Корольдік мемлекеттік кардиохирургия саласындағы клиниканың директоры Мұхамед Саллах Алрешхидан институттың жақсы жабдықталуын атап өтті.

«Жүрек қақпақшаларын протездеу технологиялары үздіксіз дамып келеді. Жүрек қақпақшаларын протездеу операциясы жүрекке қан ағымын қалыпқа келтіру және жүрек жеткіліксіздігінің дамуына жол бермей, жүрекке қосымша жүктемені жою үшін жүргізіледі» Кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Рүстем Төлеутаев

«Асқыну қаупі жоғары науқастарда, сондай-ақ егде жастағы адамдарда жүрек қақпақшаларының биологиялық протездерін қолданған жөн. Биологиялық қақпақшалардың маңызды артықшылықтарының бірі — қанды сұйылтатын дәрілерді-антикоагулянттарды өмір бойы қабылдаудың қажеттілігінің болмауы» Рүстем Төлеутаев

Жаңа буын жүрек қақпақшасының биологиялық протезі оңай және ұзақ қызмет етеді. Бұл қақпақшаның қызмет ету мерзімі стандартты клапандарға қарағанда ұзағырақ.

Қазақстан мен ТМД кардиохирургиясындағы жаңа серпіліс

Қақпақша имплантациясы үшін стандартты тәсіл де, стернотомияны қажет етпейтін аз инвазивті техника да қолайлы, бұл кеуде қуысының қаңқасын сақтауға, инфекциялық асқынулардың қаупін азайтуға және ауырсыну синдромының ауырлығын төмендетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, операциядан кейінгі кезеңде тыныс алуды жеңілдетеді, ұзақ уақыт бойы корсет кию қажеттілігін жояды және қалыпты өмірге тезірек оралуға мүмкіндік береді.

Источник: dknews.kz