үй Әлем жаңалықтары Қазақстан мен Қырғызстан парламенттік жұмыс саласында тәжірибе алмасуда

Қазақстан мен Қырғызстан парламенттік жұмыс саласында тәжірибе алмасуда

60
0

605 rob

Қазақстан мен Қырғызстан парламенттік жұмыс саласында тәжірибе алмасуда

Фотосурет: Ж. Жұмабеков

Мәжіліс Аппаратының басшысы Ренат Айтаев Қазақстанға келген Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің делегациясымен кездесті. Тараптар ұйымдастырушылық мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасуға келісті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан мен Қырғызстан парламенттік жұмыс саласында тәжірибе алмасуда

Қазақстан мен Қырғызстан парламенттік жұмыс саласында тәжірибе алмасуда

Қазақстан мен Қырғызстан парламенттік жұмыс саласында тәжірибе алмасуда

Ренат Айтаев қырғыз әріптестерін Қазақстанның саяси жүйесіндегі өзгерістермен қысқаша таныстырып өтті. Ол конституциялық реформа нәтижесінде Парламенттің төменгі палатасының мәртебесі айтарлықтай нығайғанын айтты.

Қазақстан мен Қырғызстан парламенттік жұмыс саласында тәжірибе алмасуда

«Енді заңдарды Мәжіліс қабылдап, Сенат мақұлдайды. Сенат қандай да бір түзетулер енгізетін болса, Мәжіліске жібереді. Біз келісім береміз немесе оларды қабылдамауға құқығы бар келісім комиссиясын құрамыз. Ал Конституциялық заңдар палаталардың бірлескен отырысында ғана қабылданады. Сонымен қатар Есеп комитетінен қайта құрылған Жоғарғы аудиторлық палата жылына екі рет Мәжіліске белгілеген күн тәртібі бойынша есеп береді» Ренат Айтаев

Қазақстан мен Қырғызстан парламенттік жұмыс саласында тәжірибе алмасуда

Сондай-ақ ол наурыз айында жаңа жүйе бойынша өткен Мәжіліс депутаттарын сайлау қорытындысына тоқталды. Жаңа шақырылымда сайлау заңнамасын жетілдірудің нәтижесінде Парламенттің төменгі палатасына 6 саяси партия өтті. Депутаттардың 18 пайызы жастар болғандықтан, олардың орташа жасы 48-ге дейін төмендеді. Жалпы құрамның үштен екісі жаңартылды.

Қазақстан мен Қырғызстан парламенттік жұмыс саласында тәжірибе алмасуда

Өз кезегінде Жогорку Кенеш Аппаратының басшысы Шабданбек Әлішев Қазақстан халқын сайлауды сәтті өткізуімен құттықтады. Ол елдер арасындағы достық қарым-қатынас тереңдеп, ынтымақтастықтың тиімді дамитынына сенім білдірді. Сондай-ақ қазақстандық әріптестерін Қырғызстанға іс-сапармен келуге шақырды.

Қазақстан мен Қырғызстан парламенттік жұмыс саласында тәжірибе алмасуда

 Бұдан бөлек кездесуде Орталық Азия елдері парламенттерінің аппарат басшылары деңгейінде кездесулер өткізу, екі ел студенттерінің Қазақстан мен Қырғызстан парламенттерінде тағылымдамадан өтуі мен тәжірибе алмасуын ұйымдастыру секілді мәселелер талқыланды. Жиын қорытындысы бойынша тараптар достық топтары және басқа да салаларда тәжірибе алмасуға келісті.

Қазақстан мен Қырғызстан парламенттік жұмыс саласында тәжірибе алмасуда

Сапар аясында Жогорку Кенеш Аппаратының делегациясына Мәжіліс ғимараты таныстырылды.  

Источник: dknews.kz