үй Әлем жаңалықтары Қазақстан мен Қырғызстан: ынтымақтастықты нығайту және тәжірибе алмасу

Қазақстан мен Қырғызстан: ынтымақтастықты нығайту және тәжірибе алмасу

72
0

253 rob

Қазақстан мен Қырғызстан: ынтымақтастықты нығайту және тәжірибе алмасу

Фотосурет: Н.Байбулин/ Сенаттың Баспасөз қызметі

Қырғызстанға сапары аясында Мәулен Әшімбаев бастаған Қазақстан Парламенті Сенаты делегациясының мүшелері Қазақ-қырғыз жастары форумының ашылуына қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Форумда сөз сөйлеген Сенат Төрағасы бауырлас екі халықтың қарым-қатынасының тарихы тереңнен тамыр тартатынын атап өтті. Сондай-ақ ол өзара байланысты одан әрі арттырудың және ұрпақтар сабақтастығын сақтаудың маңызды екеніне айрықша назар аударды.

«Қазақ пен қырғыз – ежелден іргесі бөлінбеген, тарихы мен тағдыры егіз ұлттар. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қырғызстан – еліміз үшін тек одақтас қана емес, бауырлас мемлекет екенін үнемі айтып келеді. Қырғыз елінің басшысы Садыр Нұрғожаұлы Жапаров та қыркүйек айында «Қазақ әдебиеті» газетіне берген сұхбатында біздің тарихымыз бір, мәдениетіміз бір, ұранымыз бір деген еді. Екі ел басшыларының бауырластық пен сенімге негізделген қарым-қатынасы барлық сала бойынша ынтымақтастықты бекемдеуге үлкен серпін беріп отыр. Бұл ретте жас буынның, өскелең ұрпақтың өзара достығын нығайту – біздің ортақ міндетіміз» Мәулен Әшімбаев

Қазақстан мен Қырғызстан: ынтымақтастықты нығайту және тәжірибе алмасу

Сонымен қатар Сенат Төрағасы бүгінгідей геосаяси тұрақсыздық жағдайында жұдырықтай жұмылып, сын-қатерлерді бірлесіп еңсерудің маңызды екенін айтты. Ол үшін ғасырлардан бері жалғасып келе жатқан ортақ тарихты біліп қана қоймай, оны зерделеп, одан тағылым алу керектігін тілге тиек етті.

Қазақстан мен Қырғызстан: ынтымақтастықты нығайту және тәжірибе алмасу

«Біздің ортақ тарихымызда өнеге ретінде көрсетуге тұратын тұлғалық, рухани-мәдени байланыстар аз болмағаны белгілі. Шоқан Уәлиханов қырғыздың атақты «Манас» жырын алғаш рет қағазға түсіріп, оның кеңінен танылуына себепші болды. Сүйінбай мен Арыстанбек, Жамбыл мен Тоқтағұл, Кенен мен Османқұлдың байланысы да көпке мәлім. Егемен елдік жолында күрескен Алаш қайраткерлері мен қырғыз халқының атақты перзенттері Ишанғали Арабаев, Қасым Тыныстановтың достығы туралы айтпай кету мүмкін емес. Осы орайда қос елдің рухани алыптары Мұхтар Әуезов пен Шыңғыс Айтматовтың аға-інілік қарым-қатынасы бәрімізге үлгі. Сондықтан бауырлас екі халықтың өзара қарым-қатынасының тарихы тереңнен бастау алады. Бабаларымыздың осы жолын әрі қарай жалғастырып, келер ұрпаққа аманат ету бүгінгі жас буынның қастерлі борышы» Мәулен Әшімбаев

Қазақстан мен Қырғызстан: ынтымақтастықты нығайту және тәжірибе алмасу

Айта кетейік, Қазақ-қырғыз жастарының форумы екі елдегі жас буынның достығы мен бірлігін арттыру, олардың танысуларына және идеяларымен алмасуларына мүмкіндік беру, өскелең ұрпақтың түрлі саладағы жетістіктеріне қолдау көрсету мақсатымен ұйымдастырылған.

Қазақстан мен Қырғызстан: ынтымақтастықты нығайту және тәжірибе алмасу

Осы жиында жастарды алаңдатқан өзекті мәселелерді анықтау және оларды шешу бағытына да баса мән берілді.

Қазақстан мен Қырғызстан: ынтымақтастықты нығайту және тәжірибе алмасу

Форумға 100-ге жуық жас қатысты. Олардың қатарында қоғам белсенділері, мемлекеттік қызметшілер, сарапшылар, Қазақстан мен Қырғызстанның жастар және студенттер ұйымдарының өкілдері бар.

Қазақстан мен Қырғызстан: ынтымақтастықты нығайту және тәжірибе алмасу

Қырғызстанға сапардың екінші күнінде Қазақстан Парламентінің делегациясы ТМД Парламентаралық Ассамблеясының 56-шы пленарлық отырысына қатысты. Біздің депутаттар ТМД елдерінен келген әріптестерімен парламентаралық ынтымақтастықты нығайту, Достастық елдерінің тілдерін дамыту сияқты өзекті мәселелерді талқылады.

Қазақстан мен Қырғызстан: ынтымақтастықты нығайту және тәжірибе алмасу

Сондай-ақ ТМД ПАА-ға қатысушы елдер Парламенттері ынтымақтастығының құқықтық базасын одан әрі нығайтуға арналған бірқатар маңызды модельдік заңдарды қарады. Олар сақтандыру, денсаулық сақтау, органикалық өндіріс, түрлі секторларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларын қамтиды.

Қазақстан мен Қырғызстан: ынтымақтастықты нығайту және тәжірибе алмасу

Сапар кезінде Мәулен Әшімбаев Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Нұрланбек Шәкиевпен және Тәжікстан Республикасының Оли Мажлиси Милли Мажлисинің Төрағасы Рустами Эмомалимен екіжақты кездесулер өткізді.

Қазақстан мен Қырғызстан: ынтымақтастықты нығайту және тәжірибе алмасу

Сұхбат барысында парламентаралық қарым-қатынастарды нығайту перспективалары талқыланды. Сондай-ақ мәдени-гуманитарлық, сауда-экономикалық және инвестициялық саладағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері де сөз болды.

Қазақстан мен Қырғызстан: ынтымақтастықты нығайту және тәжірибе алмасу

Өз кезегінде Қырғызстан және Тәжікстан өкілдері Қазақстан Президентінің бастамасымен іске асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістердің тиімділігіне назар аударып, мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастың қарқынды дамуына Парламенттер тарапынан ықпал етудің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ олар Мәулен Әшімбаевқа парламентаралық ынтымақтастықты қалыптастыру жолындағы бірлескен жұмыс үшін алғыс білдіріп, барлық бағыт бойынша өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға мүдделі екендерін жеткізді.

Источник: dknews.kz