үй Әлем жаңалықтары Қазақстан мен Қытай жобалар тізімін $14,5 млрд дейін жаңартуда

Қазақстан мен Қытай жобалар тізімін $14,5 млрд дейін жаңартуда

70
0

182 rob

Қазақстан мен Қытай жобалар тізімін $14,5 млрд дейін жаңартуда

Фотосурет: ҚР СІМ

Бейжің қаласында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Назира Нұрбаева мен ҚХР Даму және реформа жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасының орынбасары Лю Сушэнің тең төрағалығымен индустрияландыру және инвестициялар саласындағы Ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай үйлестіру комитетінің 20-шы мерейтойлық отырысы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Отырыс барысында екі ел арасындағы инвестициялық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері талқыланды, сондай-ақ индустрияландыру және инвестициялар саласындағы Қазақстан-Қытай жобаларының жаңартылған тізбесі бекітілді. Қазақстан-Қытай жобаларының жаңартылған тізбесі жалпы сомасы 14,5 млрд долларын құрды.

Туындаған мәселелерді табысты шешуге және жобаларды іске асыруға жәрдемдесу жөнінде пікір алмасылды. Қатысушылар «жасыл» энергетика, қаржы, логистика және өңіраралық өзара іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға ниет білдірді.

Қазақстан мен Қытай жобалар тізімін $14,5 млрд дейін жаңартуда

Тең төрағалар әртүрлі салаларда жалпы сомасы 2,3 млрд долларын құрайтын 7 бірлескен инвестициялық жобаны аяқтау жоспарларын растады.

Индустрияландыру және инвестициялар саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру туралы уағдаластыққа ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянның 2014 ж. желтоқсандағы Қазақстанға сапары барысында қол жеткізілді, кейіннен 2015 ж. тамызда үкіметаралық келісім жасалды.

2015 ж. ҚР СІМ және ҚХР Даму және реформа жөніндегі мемлекеттік комитет басшыларының орынбасарлары басқаратын Үйлестіру комитеті құрылды. Осы Үйлестіру комитетінің 20 отырысы өтті.

Источник: dknews.kz