үй Әлем жаңалықтары Қазақстан мен Қытай шекара маңы ынтымақтастығы форумында 16 екіжақты құжатты жасасты

Қазақстан мен Қытай шекара маңы ынтымақтастығы форумында 16 екіжақты құжатты жасасты

18
0

367 Арман

Қазақстан мен Қытай шекара маңы ынтымақтастығы форумында 16 екіжақты құжатты жасасты

Қазақстан Республикасы мен ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының шекара маңы ынтымақтастығының II Достық диалогы аясында екіжақты 16 құжатқа қол қойылды. Оның ішінде 565,4 млн сомасына 6 өңіраралық, 5 өзара түсіністік туралы меморандум, 5 коммерциялық келісімшарт бар, деп хабарлайды DKNews.kz.

  1. Шығыс Қазақстан облысы мен ШҰАА арасында бауырластық байланыстар орнату туралы келісім.
  2. Абай облысы мен ШҰАА арасында бауырластық байланыс орнату туралы келісім.
  3. Жетісу облысы мен ШҰАА арасында бауырластық байланыс орнату туралы келісім.
  4. Алматы облысы мен ШҰАА арасында бауырластық байланыс орнату туралы келісім.
  5. Қазақстан Республикасының Алматы қаласы мен Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы арасында бауырластық байланыстар орнату жөніндегі ниеттер туралы хаттама.
  6. Жетісу облысының әкімдігі мен ШҰАА Халық үкіметі арасында «Қорғас» ХШЫО қызметін үйлестіру тетігін құру жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандум.
  7. Astana International Exchange (AIX) мен Xinjiang Bank Co. Ltd арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.
  8. Қазақстан мен Қытай арасындағы халықаралық медициналық ынтымақтастықты тереңдету туралы меморандум.
  9. «Alageum Electric» МК мен TBEA арасындағы өндірістік қуаттар саласындағы ынтымақтастық туралы келісім.
  10. Қазақ Егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты мен «JOIN hope SEEDS CO. LTD» арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.
  11. «KTZ Express» акционерлік қоғамы мен «China Xinjiang Electronic Port Co. LTD» компаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум.,
  12. «Байи Стил» Шыңжаң халықаралық сауда компаниясы» АҚ мен «Еуразиялық Топ» арасындағы ынтымақтастық ниеттері туралы хаттама.
  13. «Вилмир» ЖШС мен «Alashankou Jinshahe Noodle Co Ltd» врвсындағы 50 мың тоннаға бидай импорты жөніндегі келісімшарт.
  14. «NTERTRANS C. A.» ЖШС мен «Сан Бао» ОКӨД ЖШС арасында Қазақстанда өнімділігі 100 мың тонна/г алкилдеуді орнату жөніндегі келісім.
  15. Қазақстандық «Ильин» компаниясы мен «Шыңжаң Пуси Лиинь» ЖШҚ арасындағы импорттық сатып алу бойынша істерді жүргізуге арналған агенттік келісім.
  16. Түркістан қаласында «NUR-001» Қазақстан компаниясы, Шыңжаңдағы «Сылутун» ақпараттық технологиялар компаниясы және «Авиценна» Тәжікстан компаниясы арасындағы трансшекаралық шетелдік электрондық коммерция қоймаларын салу жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім.

Источник: dknews.kz