үй Әлем жаңалықтары Қазақстан Сауд Арабиясының АӨСШК бақылаушы мәртебесін беруін қолдады

Қазақстан Сауд Арабиясының АӨСШК бақылаушы мәртебесін беруін қолдады

76
0

141 Awrora

Қазақстан Сауд Арабиясының АӨСШК бақылаушы мәртебесін беруін қолдады

Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаевтың төрағалығымен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) Аға лауазымды тұлғалары комитетінің (АЛТК) кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Өз сөзінде Ә.Бақаев Қазақстан төрағалығы жұмысының ағымдағы жылғы қорытындыларын, АӨСШК аясындағы сенім шараларын жүзеге асыруда қол жеткізілген жетістіктерін атап өтті. Сондай-ақ, ол келесі жылға арналған жоспарлар, оның ішінде Экология мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі конференцияны және Волонтерлік қозғалыс көшбасшыларының слетін өткізу туралы хабарлады.

АЛТК Төрағасы ү.ж. 21 қыркүйекте Нью-Йорк қаласында өткен Сыртқы істер министрлері кеңесінің бейресми отырысы барысында қабылданған АӨСШК Трансформациясының жол картасын одан әрі іске асыру жөніндегі көзқарасымен бөлісті.

Қазақстан Сауд Арабиясының АӨСШК бақылаушы мәртебесін беруін қолдады

Жол картасы – Азия Кеңесінің толыққанды халықаралық ұйымға айналу үдерісінде барлық мүше мемлекеттер үшін нұсқаулық және жарғыны әзірлеу, қаржылық және бюджеттік реформалар, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, оның ішінде рәсім ережелерін жаңарту, АӨСШК Хатшылығының кадрлық әлеуетін күшейту сияқты мәселелерді қамтитын негізгі тақырыптық кластерлерден тұрады.

Отырыс нәтижесінде Аға лауазымды тұлғалар АӨСШК-тің 2024 жылға арналған Іс-шаралар жоспары мен Хатшылықтың бюджетін бекітіп, Иран мен Моңғолия үйлестіруші болып табылатын «Табиғи апаттарға қарсы күрес» және «Қоршаған ортаны қорғау» басым салалары бойынша тұжырымдамаларды қабылдады. Сонымен қатар, қатысушылар Бас хатшы Қайрат Сарыбайдың ағымдағы жылғы жұмысының қорытындылары туралы баяндамасын тыңдап, Хатшылыққа ШЫҰ, АСЕАН және БҰҰ Терроризмге қарсы басқармасымен сыртқы байланыстарды нығайту жұмыстарын одан әрі жалғастыруға уәкілеттік берді.

Қазақстан Сауд Арабиясының АӨСШК бақылаушы мәртебесін беруін қолдады

Кеңестің географиясын кеңейту аясындағы маңызды жетістік – АЛТК-нің Сауд Арабиясы Корольдігіне АӨСШК-тің байқаушы мәртебесін беру туралы Сыртқы істер министрлері кеңесіне ұсынымы болып табылады.

Источник: dknews.kz