үй Әлем жаңалықтары Қазақстан ҰҚШҰ-ға төрағалық етуге дайындалуда

Қазақстан ҰҚШҰ-ға төрағалық етуге дайындалуда

76
0

217 rob

Қазақстан ҰҚШҰ-ға төрағалық етуге дайындалуда

Фотосурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Минскіде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің, Қорғаныс министрлері кеңесінің және Қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің бірлескен отырысы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Онда Беларусьтің ҰҚШҰ-ға төрағалығының қорытындысы шығарылды. Отырысқа қатысушылар ұжымдық қауіпсіздік өңірлеріндегі әскери-саяси жағдайды және сессияаралық кезеңдегі Ұйым қызметінің басымдықтарын талқылады.

Қазақстан ҰҚШҰ-ға төрағалық етуге дайындалуда

Бірлескен отырыста ынтымақтастық мәселелерінің кең ауқымын қозғайтын құжаттардың жобалары мақұлданды.

Қазақстан ҰҚШҰ-ға төрағалық етуге дайындалуда

Өз кезегінде, қазақстандық тарап кездесуге қатысушыларды Қазақстанның 2024 жылы ҰҚШҰ-ға төрағалық ету кезеңіндегі қызметтің басым бағыттары туралы хабардар етті.

Қазақстан ҰҚШҰ-ға төрағалық етуге дайындалуда

Источник: dknews.kz