үй Әлем жаңалықтары Қазақстан ШЫҰ аясындағы әріптестікті нығайтуды қолдады

Қазақстан ШЫҰ аясындағы әріптестікті нығайтуды қолдады

76
0

2178

Қазақстан ШЫҰ аясындағы әріптестікті нығайтуды қолдады

Фотосурет: Gov

Қазақстан СІМ басшысы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысына қатысты.

Қазақстан ШЫҰ аясындағы әріптестікті нығайтуды қолдады

Отырыс барысында қазіргі халықаралық жағдайда ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы саяси үйлестіруін тереңдету мәселелері бойынша пікір алмасу өтіп, ағымдағы жылғы қыркүйекте Тяньцзинь қаласында өтетін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының саммитіне дайындық барысы талқыланды.

Қазақстан ШЫҰ аясындағы әріптестікті нығайтуды қолдады

Өз сөзінде Қазақстан СІМ басшысы орнықты даму мүддесі үшін Ұйымның өзара тиімді серіктестікті қалыптастыру және ШЫҰ кеңістігін бейбітшілік пен өркендеу өңіріне айналдыру әлеуетіне сенім білдірді.

«ШЫҰ – тең құқықты ынтымақтастықтың бірегей моделіне негізделген көпжақты институт ретінде өз беделі мен тиімділігін нығайта береді деп сенемін» Мұрат Нұртілеу

Қазақстан ШЫҰ аясындағы әріптестікті нығайтуды қолдады

Қазақстан Сыртқы істер министрі 2024 жылғы шілдеде өткен Астана саммитінің қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруда Қытай тарапы жүргізіп жатқан жүйелі жұмысты жоғары бағалады. Ол Ұйым қызметін жетілдіру және оның институционалдық дамуын жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан ШЫҰ аясындағы әріптестікті нығайтуды қолдады

Сапар аясында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволар басшыларының Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен бірлескен кездесуі өтті.

Қазақстан ШЫҰ аясындағы әріптестікті нығайтуды қолдады

Кездесу барысында сенімге, теңдікке және өзара құрметке негізделген диалогты дамыту мен практикалық өзара іс-қимылды нығайтуға бейілділік расталды.

Қазақстан ШЫҰ аясындағы әріптестікті нығайтуды қолдады

Қатысушылар өңірлік тұрақтылықты, қауіпсіздікті және орнықты дамуды қамтамасыз ету мүддесінде көпжақты серіктестікті тереңдетуге басымдықты қуаттады.

Қазақстан ШЫҰ аясындағы әріптестікті нығайтуды қолдады

СІМ ШЫҰ Халықаралық ынтымақтастық

Источник: dknews.kz