үй Әлем жаңалықтары Қазақстан СІМ-де Түркі мәдениеті және мұрасы қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Қазақстан СІМ-де Түркі мәдениеті және мұрасы қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

8
0

260 Awrora

Қазақстан СІМ-де Түркі мәдениеті және мұрасы қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әділ Тұрсынов Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Гюнай Эфендиевамен кездесу өткізді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Қазақстан СІМ-де Түркі мәдениеті және мұрасы қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Кездесу барысында Ә. Тұрсынов Қордың түркі мәдениеті мен мұрасын зерделеудегі және ілгерілетудегі маңызды рөлін атап өтті, сондай-ақ Түркі мемлекеттері ұйымының бұл құрылымының белгіленген жобаларын іске асыруға жан-жақты жәрдем көрсетуге дайын екендігін айтты.

Қазақстан СІМ-де Түркі мәдениеті және мұрасы қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Г. Эфендиева Қордың алдағы жылға арналған жоспарларымен бөлісті және мүше мемлекеттермен бірлесіп жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

Қазақстан СІМ-де Түркі мәдениеті және мұрасы қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Түркі мәдениеті және мұрасы қоры 2012 жылғы 23 тамызда Әзербайжан Республикасының бастамасымен құрылды. Қор Хатшылығы Баку қаласында (Әзербайжан) орналасқан. Қазіргі уақытта Қорға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия кіреді. Қордың негізгі міндеттері – түрлі іс-шараларды, жобалар мен бағдарламаларды қолдау және қаржыландыру арқылы түркі мәдениеті мен мұрасын қорғау, зерделеу және ілгерілету.

Источник: dknews.kz