үй Әлем жаңалықтары Қазақстан-Өзбекстан шекарасында өткізу пункттерін жаңғырту басталды

Қазақстан-Өзбекстан шекарасында өткізу пункттерін жаңғырту басталды

19
0

584 Арман

Қазақстан-Өзбекстан шекарасында өткізу пункттерін жаңғырту басталды

Фотосурет: sputniknews-uz.com

Бүгінгі таңда, Түркістан облысындағы Қазақстан-Өзбекстан шекарасында өткізу пунктерін қайта құру және модернизациялау жұмыстары жүргізілуде, қайта құру жұмыстары Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Қапланбек» кеден бекетін толық жабумен басталған болатын, деп хабарлайды DKNews.kz.

Осыған байланысты, 2023 жылдың 15 ақпанынан бастап «Қазығұрт» (ҚР) – «С.Наджимов» (ӨР), «Атамекен» (ҚР) – «Гулистан» (ӨР) өткізу пункттері арқылы жеке тұлғалар мен жеңіл көліктердің өткізілуі тоқтатылды.

Дегенімен, шекаралық өткізу пунктерінің өткізу қабілеті төмендемегенін атап өту қажет. «Қазығұрт» және «Атамекен» кеден бекеттерінің әрқайсысы екі бағытта (импорт/экспорт) орта есеппен тәулігіне 350-400 жүк көлік құралдарын өткізуде. Ал модернизацияланған «Б. Қонысбаев» кеден бекеті 1 мыңнан астам көлік құралын өткізуде.

20 сәуірде ауа-райының қолайсыздығына байланысты, Өзбекстан республикасына өту үшін кезекте тұрған 200-250 көлік құралынан тұратын кептелік пайда болды.

Өткізу қабілетін арттыру мақсатында, қазақстандық және өзбек мемлекеттік органдар келісім бойынша күшейтілген режимге ауыстырылды. Осыған байланысты, өткізу пунктеріндегі кептелістер жақын арада жойылатын болады.

Жүру маршрутын тиімді жоспарлау және шекарада тұрып қалуды болдырмау мақсатында, жүргізушілер мен тасымалдаушыларға Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің интернет-ресурсында кеден бекеттерінің жүктемесі мен өткізу кезегінің ағымдағы жағдайы туралы мәліметтерді көру мүмкіндігі ұсынылады.

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Жібек Жолы» кеден бекеті тәулік бойы және штатты режимде жұмыс істейді. 150-200 жеңіл автокөлік құралын өткізу қабілеттілігіне қарамастан, аталған кеден бекеті тәулігіне 300-400 көлік құралын өткізуде.

20.04.2023ж. осы кеден бекеті арқылы 582 автокөлік құралы (кіру-265, шығу-317), 48 автобус (кіру-45, шығу-43), және 24 469 жеке тұлға (кіру-13 524, шығу-15 945) өткізілген.

21.04.2023ж. жағдай бойынша кезекте тұрған көлік құралдарының саны шамамен 150 құрайды.

Источник: dknews.kz