үй Әлем жаңалықтары Қазақстан өзгеріс жолында: Канададағы дөңгелек үстелде қандай реформалар талқыланды?

Қазақстан өзгеріс жолында: Канададағы дөңгелек үстелде қандай реформалар талқыланды?

49
0

190 Awrora

Қазақстан өзгеріс жолында: Канададағы дөңгелек үстелде қандай реформалар талқыланды?

Фотосурет: Gov

Канадалық сарапшылар Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды талқылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстанның Канададағы Елшілігі канадалық «Macdonald-Laurier Institute» («MLI») талдау орталығымен бірлесіп «Орталық Азиядағы Канаданың мүмкіндіктерін зерттеу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға Канаданың Сыртқы істер министрлігі мен Парламентінің өкілдері, «Canadian International Council», «Carleton University», «Canadian Global Affairs Institute», «Institute for Peace & Diplomacy» және «Caspian Policy Center» – ойталқы орталықтардың жетекші сарапшылары, сондай-ақ жергілікті академиялық топтар қатысты.

Қазақстан өзгеріс жолында: Канададағы дөңгелек үстелде қандай реформалар талқыланды?

Жиналғандар алдында сөз сөйлеген Қазақстан Елшісі Дәулетбек Құсайынов қатысушыларды елімізде жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің негізгі жетістіктерімен таныстырды. Қазақстандық дипломат Қазақстан қоғамын толғандыратын өзекті мәселелер талқыланған Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысының қорытындылары туралы хабарлады.

Халықаралық сарапшылар Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформаларды, атап айтқанда, Мемлекет басшысының елдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық үдерістерді дамытуға бағытталған күш-жігерін жоғары бағалады.

Канадалық тарап Президенттің бағдарламалық мақаласының негізгі месседжтерін, сондай-ақ саяси жүйені түбегейлі өзгертуге, халықты әлеуметтік қорғауға, инвестиция тартуға және Қазақстан экономикасын ынталандыруға бағытталған «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында айтылған бастамаларды атап өтті.

Қазақстан өзгеріс жолында: Канададағы дөңгелек үстелде қандай реформалар талқыланды?

Қазақстан мен Солтүстік Америка континентіндегі елдер арасындағы инвестициялық, сауда-экономикалық ынтымақтастықты, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту перспективаларын талқылау үлкен қызығушылық тудырды.

Жалпы, канадалық тарап тау-кен өнеркәсібі, жаңартылатын энергия, маңызды пайдалы қазбаларды өндіру, мал шаруашылығы, білім беру, қоршаған ортаны қорғау және жасанды интеллектті дамыту сияқты секторларды қоса алғанда, Қазақстан-Канада қарым-қатынастарын дамытуда елеулі әлеуеттің бар екенін атап өтті.

Қазақстан өзгеріс жолында: Канададағы дөңгелек үстелде қандай реформалар талқыланды?

Дөңгелек үстел нәтижесінде осындай іс-шараларды жүйелі түрде өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.

Источник: dknews.kz