үй Әлем жаңалықтары Қазақстандық астрофизиктер ғылымда серпіліс жасады

Қазақстандық астрофизиктер ғылымда серпіліс жасады

7
0

996 Арман

Қазақстандық астрофизиктер ғылымда серпіліс жасады

Ассы-Түрген Астрофизикалық Обсерваториясында орналасқан Назарбаев Университетінің Жылдам Телескопы (NUTTelA-TAO) Гамма-Сәулелі Жарылыс (ГСЖ) деп аталатын ғарыштық оқиғаның ең жаңа және бірегей бақылауын жасады. ГСЖ — бұл ғаламдағы ең күшті жарылыстар. Халықаралық ғылыми қауымдастықтың ондаған жылдар бойы жүргізген зерттеулеріне қарамастан, олардың нақты табиғаты мен параметрлері әлі де түсініксіз болып келеді, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Біз GRB230328B гамма-сәулеі жарылысын 28.03.2023 20:55:23-те құбылыс басталғаннан кейін небәрі 41 секундтан кейін байқадық. Бұл бұрын-соңды жазылған гамма-сәулелі жарылысының ең жылдам оптикалық көп арналы бақылауы. Біз оқиғаны бір уақытта жасыл, қызыл және инфрақызыл диапазондарда бақылаймыз, бұл бізге сигнал спектрі туралы түсінік береді. Бұл бақылаулар біздің телескоптың бірегей сипаттамаларының арқасында мүмкін болды. Бақылау халықаралық ғылыми қоғамдастыққа жарияланды» Жанат Мақсұт, Энергетикалық ғарыш зертханасының (ECL) жобалық тобының ғылыми-зерттеу инженері

Бақылау жүргізген 14 обсерваторияның келесі телескопы гамма-сәулелі жарылысты бақылауды тек 30-шы минутта ғана бастағаны белгілі. Осылайша, Назарбаев Университетінің ECL командасы гамма-сәулеі жарылысты жарылыстан кейінг 41-і секундтан 30-шы минутқа дейінгі қуатты жарқырауы туралы деректерге ие. Бақыланған деректерді қазір зерттеушілер тобы мұқият зерттеуде. Талдау толық зерттелмеген гамма-сәулеленулердің табиғатын ашуға үлес қосады деп күтілуде.

Энергетикалық Ғарыш Зертханасы 2016 жылы Назарбаев Университетінде астрофизик, Нобель сыйлығының иегері Джордж Смут III және қазақстандық ғалым Қанат Байгариннің басшылығымен ғылыми халықаралық орталық ретінде құрылды.

Қазақстандық астрофизиктер ғылымда серпіліс жасады

 

«Бұл бақылау ғылымында жасалған үлкен қадам. Бұл автоматтандырылған телескоп пен аспаптар жүйесін жасау және орнату жөніндегі көзқарасқа, қаржыландыру мен жұмысқа ғана емес, сонымен қатар ұжымның жоғары кәсібилігіне де байланысты екенін мойындау маңызды. Ең қызықтысы алда — жиналған құнды деректерді өңдеу және талдау. Осы жетістік үшін ұжымға алғыс білдірімін!» Астрофизик, космолог, Нобель сыйлығының иегері және Назарбаев Университетіндегі ECL негізін қалаушы Джордж Смут III жазды

 

Қазақстандық астрофизиктер ғылымда серпіліс жасады

«Бүгін біз шынымен де жас және тәжірибелі ғалымдарды ғарышты және басқа да іргелі ғылымдарды зерттеуге шабыттандыратын нәтижеге қол жеткіздік! Біздің аса қуатты телескопымыз бағдарлау кезінде гамма-сәулелік жарылысы туралы сигнал келгеннен 10 секундтан кейін, яғни 41 секундта ГСЖ-ны бақылауға кірісті» Энергетикалық ғарыш зертханасының негізін қалаушылардың бірі, доктор Қанат Байғарин

Бұрын ECL командасы NUTTellA-TAO телескопын пайдалана отырып, гамма-сәулелі жарылыс сәтінің 58 секунднан бастап GRB201015A -ны ең ерте кезеңін бақылай алды. Үш EMCCD камерасынан алынған бақылауларды бір уақытта пайдалана отырып, олар американдық ғалымдар бұрын ұсынған «шаң шашырауы» теориясын дәлелдеді. Бақылау нәтижелері беделді Monthly Notices of the Royal Astronomical Society журналында жарияланды.

“Осыған дейінгі Гамма-Сәулелі Жарылыстың ерте кезеңі тек жарылыстан кейінгі 1 сағатта бақыланған. Бұданда ерте кезеңді бақылау үшін өте жылдам қозғалатын телескоп керек. Біз өзіміздегі жылдам қозғалатын NUTTelA-TAO телескобының көмегімен ГСЖ 201015А-ны 58-ші секундтан бастап бірнеше сағат бойы бақыладық. Біздің алған нәтижеміз осыған дейінгі тек теориялық тұрғыдан айтылған тұжырымды растады» Назарбаев университетінің энергетикалық ғарыш зертханасының ғылыми қызметкері Тоқтархан Көмеш

Энергетикалық ғарыш зертханасы 2016 жылы Назарбаев Университетінде астрофизик, космолог, Нобель сыйлығының иегері Джордж Смут және профессор Қанат Байгариннің басшылығымен ғылыми халықаралық орталық ретінде құрылды. Зертхананың негізгі бағдарламалары MKIDS детекторлар мен басқа да криогендік датчиктерді, жылдам жарқылдарды зерттеуге арналған криогендік қондырғыны; гамма-жарқылдарды және басқа да өтпелі процестерді өлшеуге арналған көпдиапазонды оптикалық телескоп бойынша эксперименттерді; асқын жылдам астрономиялық аспаптарды, сондай-ақ космология теориясын және деректерді талдауды қамтиды.

Источник: dknews.kz