үй Әлем жаңалықтары Қазақстандық делегация «Пакш» атом электр станциясында болды

Қазақстандық делегация «Пакш» атом электр станциясында болды

0

149 rob

Мажарстанға жұмыс сапары барысында қазақстандық делегация мүшелерін энергоблоктың жұмысымен таныстырды. Атом электр станциясында 4 реактор бар және ол елде өндірілетін электр энергиясының 40% — дан астамын өндіреді. Жалпы қуаты 2000 МВт, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сондай-ақ, салынып жатқан «Пакш-II» АЭС жобасы таныстырылды. Оның жалпы құны 12,5 млрд. еуроны құрайды. Несие қаражаты — 10 млрд.еуро. Бұл жобаны 2030 жылға дейін аяқтау жоспарлануда. АЭС өкілдерінің айтуынша, Дунай өзенін пайдалану қоршаған ортаға әсер етпейді. Екінші атом электр станциясы енгізілгеннен кейін электр энергиясын өндіру 60% — ға дейін артады.

Сонымен қатар, қазақстандық делегация техникалық қызмет көрсету орталығына барды. Оқу орны атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы мамандарды оқытуды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асырады. Орталықтың ерекшелігі – мамандарды дайындау бағдарламалары АЭС жұмысының жағдайына барынша жақын.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version