үй Әлем жаңалықтары Қазақстандық музыка Instagram мен Facebook желілеріне қайта оралды — Meta компаниясымен келісімге...

Қазақстандық музыка Instagram мен Facebook желілеріне қайта оралды — Meta компаниясымен келісімге қол жеткізілді

98
0

1903

Қазақстандық музыка Instagram мен Facebook желілеріне қайта оралды — Meta компаниясымен келісімге қол жеткізілді

Фотосурет: Gov

Астанада Әділет министрлігінің өкілдері Meta компаниясының басшыларымен кездесті, деп хабарлайды DKnews.kz.

ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова Meta компаниясының Орталық Азия және Шри-Ланка бойынша қоғамдық саясат бөлімінің басшысы Сенура Абейварденмен кездесті.

Қазақстандық музыка Instagram мен Facebook желілеріне қайта оралды — Meta компаниясымен келісімге қол жеткізілді

Шарада цифрлық платформаларда зияткерлік меншік нысандарын пайдалану мәселелері, сондай-ақ ынтымақтастықты одан әрі дамыту және тәжірбие алмасу тақырыбы талқыланды.

Қазақстандық музыка Instagram мен Facebook желілеріне қайта оралды — Meta компаниясымен келісімге қол жеткізілді

Естеріңізге сала кетейік Әділет министрлігі мен Meta компаниясы арасындағы онлайн-келіссөздердің нәтижесінде қазақстандық музыка Instagram мен Facebook платформаларына қайта орналастырылған болатын. 9 сәуірде Қазақстандық авторлар қоғамы мен Meta компаниясы арасында қазақстандық авторлар мен құқық иеленушілердің авторлық құқық және сабақтас құқықтарын пайдалану мәселелерін реттеу жөніндегі келісім жасалды.

Қазақстандық музыка Instagram мен Facebook желілеріне қайта оралды — Meta компаниясымен келісімге қол жеткізілді

Цифрлық платформаларда авторлық құқықты сақтау тетіктерін талқылау және зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтасты күшейту мәселесін қарастырған қос тарап алдағы уақытта да тығыз байланыста жұмысты жалғастыруға уағдаласты.

Meta авторлық құқық зияткерлік меншік

Источник: dknews.kz