үй Әлем жаңалықтары Қазақстандық шахматшы АҚШ-тың әлем рекордшысын ұтты

Қазақстандық шахматшы АҚШ-тың әлем рекордшысын ұтты

59
0

1060 Арман

Қазақстандық шахматшы АҚШ-тың әлем рекордшысын ұтты

Фотосурет: Pexels

Кеше Елордада ерлер мен әйелдер арасында шахматтан Қазақстан ашық кубогының төртінші күні аяқталды. Kazakhstan Chess Cup ұйымдастырушылары – Астана қаласы Спорт басқармасының қолдауымен FIDE Халықаралық шахмат федерациясы және Қазақстан шахмат федерациясы, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кубоктың төртінші күнінде бірден екі раунд өтті. Олардың нәтижесі бойынша турнирлік кестедегі жағдай күрт өзгерді. АҚШ гроссмейстері Ханс Ниманн (қазіргі әлем чемпионын кем дегенде бір рет жеңгендерді біріктіретін «Михаил Чигорин Клубына» кіреді) бір күнде екі жеңіске қол жеткізіп, жалпы есепте 15-ші орыннан үшінші орынға көтерілді. Атап айтқанда, америкалық шахматшы өзбекстандық белгілі гроссмейстер Шамсиддин Вохидовты ұтты.

Әзірге турнирлік кестеде екі дүркін Израиль чемпионы Тамир Набати көш бастап келеді. Ол беларус Владислав Ковалевті (FIDE туы астында ойнайды) басып озды. Екінші сатыға армян гроссмейстері Шант Саргсян көтерілді.

Төрт күннің қорытындысы бойынша турнирдің үздік 10 ойыншысының қатарына үш қазақстандық кірді: Арыстан Исанжолов, Бауыржан Қасымов және Алдияр Аңсат.

Арыстан Исанжоловтың есімі 2019 жылы дүркірей бастаған еді. Ол кезде 16 жастағы спортшы Бүкілресейлік шахмат жарысының Гран-приін жеңіп алған болатын. Ол кеше соқыр ойында әлем рекордсмені (48 партия ұтқан) америкалық гроссмейстер Тимур Гареевті қапы қалдырды. Сонымен қатар, Арыстан танымал үнді шахматшысы Панаяппан Сетхураманмен тең ойнады. Бұл нәтижелер Исанжоловқа турнирлік кестеде үздік үштікке жақындауға мүмкіндік берді.

Қазақстан чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері Бауыржан Қасымов ирандық Бардия Данешвармен, ал халықаралық шебер Алдияр Ансат украиналық Александр Моисеенкомен тең түсті.

Астана өтіп жатқан Кубок 23 сәуірде басталған. 30 сәуірге дейін жалғасады. Байқаудың жүлде қоры 23 000 000 теңгені құрайды.

Кубок 2023 жылғы классикалық шахмат бойынша әлем чемпионатының аясында өтуде. Айтулы шараның бас серіктесі — Freedom Holding Corp.

Источник: dknews.kz