216 rob

Фотосурет: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы TR 2302 тобының «Дене шынықтыру мұғалімі және спорт түрлері бойынша жаттықтырушы» мамандығының студенттері Русланұлы Асанали, Гросс Артур, INS 2302 тобының студенттері Ситников Никита, INS 2304 тобының студенттері Симонов Семен хоккейден Әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды DKNews.kz.
10-16 желтоқсан аралығында Будапештте (Венгрия) U20 (D1a) хоккейден Әлем Чемпионаты өтті. Чемпионатқа Франция, Дания, Австрия, Жапония және Венгрия құрама командалары қатысты.

Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы алғашқы 4 ойында жеңіске жетіп, мерзімнен бұрын чемпион атанды.
2024 жылғы 26 желтоқсаннан 2025 жылғы 5 қаңтарға дейін Канадада өтетін жастар командалары арасындағы келесі Әлем чемпионатында спортшыларға айтулы жеңістер тілейміз.
Источник: dknews.kz






